«Самғатқан сан түлекті алтын ұя» » Жамбыл обласы Сарысу ауданы "Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы" КММ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Сарысу ауданының білім бөлімінің
«Мұхтар әуезов атындағы мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72634) 6-26-32
Есепші бөлімі:
+7 (72634) 6-26-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
наурыз
2021

«Самғатқан сан түлекті алтын ұя»

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру, облыс әкімінің «Жомарт түлек» жобасы аясында , түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету, жетістікке жету тәжірбиесімен бөлісе отырып, мектеп өмірімен тығыз байланыс орнату мақсатында мектебімізде 2021 жылдың 26 наурыз күні «Самғатқан сан түлекті алтын ұя» тақырыбында түлектермен кездесу кеші өткізілді. Кеш қонақтары ретінде мектебімізге еңбегі сіңген ардагер ұстаздар қатысты. 
  Кешке жиналған ардагер ұстаздар өздері білім нәрімен сусындатып , өмір айдынына шығарып салған түлектерімен қайта қауышып, мектеп табалдырығында өткен естеліктерімен бөлісті. Ал  түлектер өз кезегінде мақсатқа қол жеткізу, кәсіпті дұрыс таңдау, өмірде өз орныңды табу жолдары жайлы ой бөлісіп, ізбасарларына ақыл –кеңестерін айтты. Бүгінде әр салада адал еңбек етіп жүрген  түлектер білім ошағы мен ұлағатты ұстаздарына деген  алғыстарын білдірді. Жиналған көпшіліктің көңілінде кештен  керемет әсер қалды.
«Бір тал кессең- он тал ек» деген  ата- бабаларымыздың сөзі бар, осы қағидаға сүйене отырып түлектер алтын ұя мектебіне алғыс ретінде тал көшеттерін тарту етіп, ұстаздарымен бірге тал екті.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив