06
ақпан
2020
«Ризашылық-мейірімділік бұлағы»
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп гимназиясында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын орындау мақсатында «Ризашылық-мейірімділік бұлағы» жобасы аясында 2020 жылдың 6 ақпан күні «Қазақстан-менің алтын бесігім!» тақырыбында мектептің әлеуметтік педагогтары Қ.Мұқылбекованың және А.Есенбаевтың жетекшілігімен жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Іс шараға қонақ ретінде «Нұр отан» партиясының өкілі Пірімбек Мадина қатысып, оқушылардың өнерін тамашалап мақтау қағазымен марапаттады.












