«Адам үшін ең алтын қазына – еңбек ете білу, еңбекті қорғай білу» » Жамбыл обласы Сарысу ауданы "Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы" КММ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Сарысу ауданының білім бөлімінің
«Мұхтар әуезов атындағы мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72634) 6-26-32
Есепші бөлімі:
+7 (72634) 6-26-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Адам үшін ең алтын қазына – еңбек ете білу, еңбекті қорғай білу»
18
сәуір
2019

«Адам үшін ең алтын қазына – еңбек ете білу, еңбекті қорғай білу»

2018-2019  оқу жылы. 18.04.2019ж.

28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне   Сарысу ауданы Жаңатас қаласы Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының Бастауыш кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен  «Адам үшін ең алтын қазына – еңбек ете білу, еңбекті қорғай білу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге мектеп басшылары, ардагер ұстаздар, бастауыш  кәсіподақ ұйымының төрайымы   комитет мүшелері,  жас мамандар қатысты. 

Аталған  мерекенің басты мақсаты ардагер ұстаздардың еңбек жолдарын үлгі-өнеге ете отырып, жас мамандардың белсенділігін арттыру, оларды қазіргі өзгермелі заманға бейім болуға бағыт бере отырып, аға ұрпақтың еңбек жолдары жайлы тәжірибе алмасу, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру. Адам үшін ең алтын қазына – еңбек ете білу, еңбекті қорғай білу нақыл сөзінің мағынасын ашу.

Дөңгелек үстелді бастауыш кәсіподақ комитетінің төрайымы Г. Тулебаева жүргізді.

Қатысушылардың арасында жағымды психологиялық ахуал туғызу үшін мектеп-психологы  Боранғалиева Гүлзира тренинг өткізді. Ал бастауыш кәсіподақ комитетінің еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігінің төрағасы

Н.Қоспаев  бұл күннің қысқаша тарихымен таныстырып,баяндама жасады. 

Әрі қарай дөңгелек үстелге қатысушылар 3 топқа (ардагерлер, мектеп басшылары, жас мамандар) бөлініп, өздеріне тиісті конвертте берілген сұрақтар бойынша пікірлерімен бөлісіп,  ой қозғады. Берілген сұрақтар: Бүгінгі күні еңбектің адам өмірінде алар орны қандай деп ойлайсыз? Білім саласына өз тағдырын арнаған жастарға қандай бағыт-бағдар берер едіңіз? «Түбінде адал еңбек бақыт тапқан» дейміз. Осыны жастарға қалай түсіндірер едіңіз?Аға ұрпақтың еңбекқор, еңбексүйгіш болғанын немен байланыстырасыз? Еңбекті ғылыми ұйымдастыру қаншалықты мәнге ие деп ойлайсыз?Қазіргі ұрпақтың бірталайы неге өз келешегіне күдікпен қарайды? Олардың өз міндеттеріне енжарлығын қалай түсіндірер едіңіз? Кәсіподақтар ұйымы тарапынан ұстаздардың қорғалуы қаншалықты деңгейде деп ойлайсыз? және т.б. Осы көтерілген мәселелер төңірегінде ардагер ұстаздар: М. Бердісүгірова, С. Искалиева , мектеп директорының орынбасары М.Смайлова  кәсіподақ ұйымының төрайымдары  Г. Тулебаева  және жас мамандар өз ойларын ортаға салды.

 










Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив