Сoңғы қоңырау - 2019 » Жамбыл обласы Сарысу ауданы "Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы" КММ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Сарысу ауданының білім бөлімінің
«Мұхтар әуезов атындағы мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72634) 6-26-32
Есепші бөлімі:
+7 (72634) 6-26-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
мамыр
2019

Сoңғы қоңырау - 2019

Сыңғырла қоңырау сыңғырла,  аңсаймыз даусыңды сағына!


    Елбасы жариялаған  рухани жаңғыру бағдарламасын негізге ала отырып, ел ертеңі үшін жасалынған жобалармен оқушыларды хабардар етіп, орындай білу мектебімізде кеңінен жүргізілуде. Ауданымыздың белсенді азаматтарымен,  ардагер ұстаздармен, түлеп ұшқан түлектермен байланыс орнатып   олардың атқарған жұмыстары туралы  оқушылар арасында  түрлі бағытта іс-шаралар ұйымдастыру  жалғасын табуда.

    Биылғы   соңғы қоңырау мерекесі қарсаңында   білім берген ұясына тағзым етіп,             40 жылдық кездесуге келген түлектердің бас қосуы ерекше әсер қалдырды. Кездесуге келген аудандық емхананың  білікті дәрігері Р.Қырғызбаев, жеке кәсіпкерлер Пернебек Ерубаев, Жарылқасынова Алла Ермекбайқызы,  ұстаз Нұралбек Жұпарбеков, формацевт маман Лаззат Әбдікәримова, эксперт маман Толайым Шырынбекова т.б сынып жетекшілері  Тамара Әбдіқадірқызы Манаякованы ортаға алып қара шаңырақ М.Әуезов мектебіне деген сағынышын,  білім берген ұстаздарына, мектепке деген алғыстарын айтты. Ардагер ұстаздар Шарипа Баубекова, С.Шермағанбетова, Д.Мырзағараеваға құрметтерін білдірді.  

     Мектеп-гимназия директоры Р.Қамбарбаева оқу жылын қорытындылауда                     өз демеушілігімен мектеп үздіктері бастауыш сынып оқушысы Жансая Мұхтарқызын, орта буындардан Темірғали Нұрсұлтанды, жоғары буындардан  Аружан Ержанованы «Жылдың үздік оқушысы» сертификатымен марапаттаса, кездесуге келген түлектер атынан Цептер компаниясының Батыс Қазақстан бойынша басшысы, кәсіби бизнес тәлімгер  Түсіпбекова Шолпан Әліайдарқызы   осы оқушыларға 20000 теңгеден сый ұсынды.  Сонымен қатар әлеуметтік көмекті қажет ететін, жоғарғы оқу орнына түскен бітіруші бір түлектің стипендиямен қамтамасыз етілуін өз жауапкершіліктеріне алатындығын хабарлады.

     Біз мектеп ұжымы туған жеріміздің әрбір саласына еңбек сіңірген ардагерлерімізбен, жетістіктерімізбен, оқушыларымыздың шығармашылық жеңістерімен   мақтандық. Биылғы бітіруші түлектеріміздің  барлығы   өз  елінің адал патриоты,  белді маман иелері болуларына сенім артып  ақ жол тіледік.


              Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары  Бердісүгірова Мейраш Маманқызы













Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив