«Кітап-асыл қазына» » Жамбыл обласы Сарысу ауданы "Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы" КММ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Сарысу ауданының білім бөлімінің
«Мұхтар әуезов атындағы мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72634) 6-26-32
Есепші бөлімі:
+7 (72634) 6-26-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
ақпан
2020

«Кітап-асыл қазына»

Тақырыбы:      «Кітап-асыл қазына»
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Кітап-алтын қазына» атты  жоспарланған   100 кітап жобасы аясында  мектепішілік байқау. Мектепішілік байқауға 9,10-сыныптардың оқушылары қатыстырылады.
Мақсаты: Мектеп оқушыларын рухани мен интеллектуалды дамуына кітап оқу арқылы қызығушылығын арттыру.
Міндеттері: Оқырмандар арасында кітап оқуды белсенді түрде насихаттайтын сыныпты анықтау және мадақтау.
Балалар, жасөспірімдер және жастардың оқу саласында үздік инновациялық жұмыс тәжірибесі базасын қалыптастыру.
Көрнекілігі: Слайдтар, қанатты сөздер, кітап көрмесі, мақал-мәтелдер т.б
1-жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің "Кітап-алтын қазына" тақырыбында өткізілетін мектепішілік байқауға қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Қазіргі кезде шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Нұрсұлтан Назарбаевтың   12 сәуір 2017 жылғы "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында Бәсекелестік қабілет туралы былай дейді.Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелестік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. Бәсекелестік қабілет дегеніміз-ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдардың бәсекелестік қабілетімен айқындалады. 
1-жүргізуші: Сондықтан әрбір қазақстандық сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы: компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторларәркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғы шарттардың санатында. Сол себепті Цифрлы Қазақстан, Үш тілде білім беру, Мәдени және конфессия аралық келісім сияқты бағдарламалар-ұлтымызды, яғни барша Қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы-деді. 
2-жүргізуші:Ендеше біз бәсекелестік қабілетімізді білімімізбен көрсете отырып, нағыз жаңа ғасырдың талантты, патриотты, көзі ашық, рухы таза, белсенді азамат болуымыз қажет. Әрине біз сауаттылықты мектептен, рухани байлығымызды кітаптан аламыз. 
1-жүргізуші: Байқау І турда  2 номинация бойынша өтті.
  1. «Үздік эссе»
  2. «Үздік тест»
ІІ тур  3 номинация   бойынша өтеді. 
  1. «Ең көп кітап оқыған оқушы»  Оқыған кітаптың мазмұнын ашу.
  2. «Мәнерлеп оқу сайысы»  Жерлес ақындардың өлеңін оқу.
  3. «Ізден, талаптан, оқырман!» Викториналық сұрақтарға жауап беру. 
2-жүргізуші. Кітапты аялайық, құрметтейік, кітапқа   адал дос болайық! Кітапты  сүйіп, кітапханада жиі болып, бойына рухани азық жинап, мектебіміздің мақтанышы болып жүрген оқушыларымызды  сахна төріне шақырамыз. 
1-жүргізуші:  Оқуға арналған «100 кітап» номинациясы аясында 100 кітап тізімінде Сайын Мұратбековтың  «Жусан иісі», Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым», Мұхтар Әуезовтың «Қорғансыздың күні» ,  Бердібек  Соқпақбаевтың   «Балалық шаққа саяхат» шығармалары бар. Қатысушыларымыз қай шығарманы оқығандығын тамашалайық. 
1./Оқушылар өздері оқыған   кітаптарын  айтады/
2-жүргізуші. 
2.  «Мәнерлеп оқу сайысы»  Жерлес ақындардың өлеңін оқу /Ендігі кезекте жерлес ақындарымыздың өлеңдерін оқуға берейік/.
1-жүргізуші:
3. «Ізден, талаптан, оқырман!» Қатысушылар викториналық сұрақтарға жауап беруі керек.
2-жүргізуші: Еркебай Шұғыланың орындауында «Отан» әні. Қарсы алыңыздар.







Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив