03
қыркүйек
2025
Қыздар жиналысы
2025 жылдың 2 қыркүйек күні Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында қыз балалардың бойында денсаулыққа, болашаққа жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру мақсатында 9-11-сынып оқушылары арасында қыздар жиналысы өткізілді. Жиналыста мектеп басшысы К.Сарсекова қыздарға, ерте жүктілік тек денсаулыққа ғана емес, болашақ өмір жолыңа, білім алуға, алдарына қойған мақсаттарына тікелей әсер ететінін атап айтты. Мектеп психологы, мектеп мейіргері қыздармен ашық сұхбат жүргізді, жиналыста қыздар ерте жүктіліктін алдын алу бойынша нақты мәліметтер алды.




