Қамқоршылық кеңесінің алдында, мектеп-гимназия директорының есебі (қараша)
№ 14 Хаттама
Қамқоршылық кеңес отырысы
28.11.2020 жыл
Кеңес төрағасы: С. Абдималиков
Хатшы: А.Есенбаев
Қатысқандар: Қамқоршылық кеңес мүшелері, мектеп әкімшілігі.
Күн тәртібінде:
- Мектеп директорының 2020 жылда атқарылған жұмыстардың есебі.
Тындалды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Қамқоршылық кеңесінің төрағасы С.Абдималиков жиналысты ашық деп жариялап, күн тәртібінде қаралатын жұмыстарды таныстырды. Мектеп-гимназия директоры Р.Қамбарбаева 2020 жылы атқарылған жұмыстардың есебімен таныстырып өтті.
М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясы, Білім туралы заңы, Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, білім берудің мемлекеттік стандарты, оқу бағдарламаларына және басқа да заңды актілеріне сүйене отырып қызмет жасайды. «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығы және короновирустық инфекциясының таралуына байланысты шектеу шаралары кезінде оқу процесін ұйымдастыру әдістемесі №345 бұйрық басшылыққа алынды.
Оқу жылы басында мектептің оқу-тәрбие жұмысы жоспарланды. Жоспар 11 бөлімнен тұрады. Қашықтан оқыту кезінде жұмыс жоспары қашықтан жұмыс жүргізуге ыңғайластырылып, әр бөлім бойынша баламалы жоспар жасалынған. Сабақтардың уақытылы өткізілуі, оқушылардың қатысу тәртібі, білімі қадағаланып, мектепішілік бақылау жоспары да мүмкіндігіне қарай орындалуда. Оқу-тәрбие жұмысы, ата-аналар, ұжымның жиындары мен кездесулері қашықтан жүргізіліп отыр. Оқу, тәрбие үдерісі қандай формада жүргізілмесін, мектеп өз миссиясын орындауға міндетті. Бұл тұрғыда мұғалімдер арасында жүргізіліп жатқан семинарлар, тәжірибе алмасу вебинарлары, оқушылар мен ата-аналар арасындағы тәрбие жұмыстарын айту керек. Мысалы, оқушылар арасында тақырыптық айлық, апталықтар, байқаулар тұрақты жүргізіліп, белсенділер мен жеңімпаздар марапатталды. Ата-аналармен 3 жалпымектептік, 5 сыныптық жиналыс өтті. Педагогикалық кеңес, құқықтық кеңес, әдістемелік жиналыстар жоспарлы жүргізіліп отыр.
Мектеп 6 МАД тобы, 67 сыныпта барлығы 1705 оқушымен (1565+140) бастап, бүгінгі күні 1572+144 (1716) оқушы оқиды, 32 гимназия сыныбы бар. Бүгінде мектепте МАД топтың 143 (1 үйде),1-4 сынып 690 (6 үйде) оқушысы, 5 сыныптың 153 оқушысы ата-аналардың өтінішімен кезекші сыныптарда мектеп қабырғасында оқыса, 6-11 сынып оқушылары қашықтан оқиды.
Қашық оқу формасыа көшу кезеңінде оқушылардың электронды құрылғыларға қолжетімділігі зерделеніп, үйінде интернеті бар 94 оқушыға мектеп есебіндегі компьютер, интернеті жоқ 220 оқушыға компьютер мен роутер, планшет, ноутбуктер уақытша қолдануға берілді. Оқыту Bilim Land, Daryn, online, т.б. білім платформаларын қолдану, WhatsApp, Messenger,классрум желілері жүргізілуде.Кезекші сыныптарды ұйымдастыруда мектепте санитарлық-эпидемиялық талаптарды орындау басты назарда ұсталады. Білім бөлімі тарапынан мектепке залалсыздандыру заттары, тепловизор, кварцц лампалары, антисептик, тоннель, аяқ киім залалсыздандыру кілемшелері және аз қамтылған отбасы балаларына арнап 4550 дана бетперделер берілді. Мектепте аз қамтылған, көпбалалы отбасында 296 бала есепте, олардың ішінен 255 оқушының ата-анасы әлеуметтік жағдайын анықтайтын құжаттарды өткізіп, тіркелген. Осы аталған отбасы балаларына жалпыға міндетті оқу қоры есебінен 75 балаға мектеп формасы оқу құралдары берілді. Сонымен қатар «Мектеп жол акциясында» мектеп қызметкерлері және жеке кәсіпкерлердің мектеп түлектерінің демеушілігімен 18 оқушыға киім алып бергендігін мәлімдеді.
Мектепте 137 мұғалім 46 қосымша қызметшілер жұмыс жасайды. Апталық жүктемелері 1-1,5 бірлікті құрайды. Барлық пән мұғалім мамандары бар. Негізгі пәндермен қоса таңдау пәндері, үйірмелер жоспарланған. Сонымен қатар кезекші 1-5 сыныптарда сабақ беретін мұғалімдерге жүктемеден артық жұмысы үшін қосымша еңбекақы төленіп отырғандығын атап өтті. Ата-аналардың да белсендігі қажет, яғни оларды электронды журналға платформаларына кіріп баласын оқу жетістігін бақылап отыруға тиіс. Қашықтан оқыту кезінде оқу тәрбие жұмысын жүргізудегі тағы бір кемшілік оқушылардың сабаққа кіруі, тапсырманы орындау тәртібі, олардың өз бетінше білім алуға дайындалып ізденуге дағдыланбағандығы: мектеп тарапына оқушы тәртібіне күнделікті тікелей қадағалаудың болмағандыған балалардың ата-ана тарыпынан қадағалаусыз қалуынан жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылық орын алып отыр. Аудандық ішкі істердің есебінде 9 сыныптың 3 оқушысы тұр.(Санай М.,Әбді А., Моңғұл Б.) сондықтан ата-аналардың тарапынан қадағалау отбасындағы тәрбиеге үлкен мән беру қажет екендігін ескертті.
Қорыта келе, мектеп өз қызметінде Қазақстан Республикасының Білім беру, тәрбиелеу саласындағы міндетті белгіленген барлық нормативтік – құқықтық актілер мен заңнамалар негізінде еңбек етіп отыр.Мектепке бөлінген қаражат есебінен оқу материалдық, шаруашылық заттары мақсатты жұмсалады.Мектеп оқу тәрбие жұмысын ата-аналар комитеті қауымы қамқоршылық кеңеспен келісе отырып, жүргізіліп отырады.Сондықтан сіздермен бірлескен іс-әрекеттеріміз бұдан әрі дамып, жүйеленіп балаларды оқыту мен тәрбиелеуге сапалы әрі тиімді әсер етеді деген сенімдемін.



