Қамқоршылық кеңесінің алдында мектеп-гимназия директорының есебі
Мектеп-гимназия директоры қамқоршылық кеңесінің алдында есеп беру жиналысы өтті
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы С.Абдималиков жиналысты ашық деп жариялап күн тәртібімен таныстырды. Мектеп-гимназия директоры Р.Қамбарбаева 2018 жылғы атқарған жұмыстардың есебімен таныстырып өтті. Мектеп туралы сандық мәліметтерге, мектептің тақырыбы мен мақсаттарына жеке-жеке тоқталып өтті. Балалардың денсаулығын сақтауда жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын, СӨСҚО мамандарымен кездесулер өтетінін айтты. Барлық сынып оқушылары мен ата-аналары мектеп Жарғысымен таныстырылды. Оқу процесі белгіленген оқу жоспарына, сабақ кестесіне сәйкес жүргізілетінің және барлық пәндерден мамандар жеткілікті екенін айтты. Оқу аптасы 5 күндік кестемен белгіленген, сенбі күні 9,10,11 сыныптар оқитынын айтып өтті.
2018 жылғы индикаторлық меже бойынша білім сапасының көрсеткіші 68,8%, 2019 жылға белгіленген меже 70% болу керек екенін айтты. Мектептің педагогикалық ұжымы, мектеп оқушылары аудандық, облыстық, республикалық білім сайыстары мен байқауларына қатысып, аудандық деңгейде 18, облыстық-15 мұғалім жүлдеге ие болса, халықаралық байқауларда арнайы дипломмен марапатталған 26 мұғалім, ал республикалық қашықтық байқауларында 14 мұғалім марапатталғанын айтып өтті. 2018 жылдың рейтингтік көрсеткіші, индикаторлық межені орындау бойынша облыс көлемінде «Инновациялық режимдегі мектеп» мәртебесіне ие болып, аудан көрсеткіші бойынша білім беру бөлімінің атынан 500 000 мыңдық сертификатын иеленгенін айтып өтті. Сертификат қаржысына мектептің акт залына 137 орындық алынғанын айтты.«Мектепке жол» жалпы республикалық 2018 жылғы 1тамыздан бастап 30 қыркүйекке дейінгі аралықта жүргізілді. Акцияға белсенді қатысқан кәсіпкерлерді және мектеп мұғалімдерін атап өтті.
Қорытакеле мектеп өз қызметінде Қазақстан Республикасында білім беру, тәрбиелеу саласындағы міндетті белгіленген барлық нормативті-құқықтық актілер мен заңнамалар негізінде еңбек ететінің, мектептің миссиясы білімді, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті, бойында адамгершілік, патриоттық қасиеттері дамыған, жауапкершілігі жоғары азаматтарды тәрбиелеу екенін айтты.