22
желтоқсан
2018
Қамқоршылық кеңесі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі "Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы №355 бұйрығына сәйкес мектептің Қамқоршылық кеңесінің бір жылдық өкілеттілік мерзімі аяқталды. Қамқоршылық кеңесі өз құзіреттілік шеңберінде жақсы жұмыс көрсетіп, мектеп пен ата-ана, оқушылар арасында беделге ие бола білді. Кеңес мүшелері мектептің тәрбие жұмысына, оқу мен оқыту сапасын көтеру шараларына қатысып, ұсыныстар кіргізе отырып, оқушыларға әлеуметтік қолдау көрсете білді.
Мектептің кезектен тыс педагогикалық кеңесінде ұжым мүшелері Қамқоршылық кеңесінің 2019 жылға жаңа құрамына өтініш берген азаматтардың тізімін қарастырды. Ұсынылған кандидаттардың барлығын бір ауыздар қолдап, білім бөліміне ұсынуды ұйғарды. Қамқоршылық кеңес мүшелігіне ұсынылған кандидаттар:
1. Абдималиков Сайдмухаммед -Сарысу ауданы мәслихатының депутаты.
2. Мусаева Гүлнар - Жаңатас қаласы әкім аппаратының орынбасары.
3. Жарасбеков Алмас - ИДН қызметкері.
4. Қазыбекова Меруерт - жеке кәсіпкер.
5. Сейлова Назгүл - СЭС лаборант.
6. Дүйсенова Фатима - жеке кәсіпкер.
7. Токкулиева Гүлжамал - ТКӨК-АТЦ оператор.
8. Әбілдаева Ләззат - жұмыссыз.
9. Күзембаев Данияр - жеке кәсіпкер.
Мектеп ата-аналар ұжымы кеңес мүшелеріне үлкен алғыс білдіре отырып, жаңа құрамға сәттілік тілейді.