18
қаңтар
2019
Кезекті қамқоршылық кеңесінің отырысы
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында қаңтар айының
18 күні «Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекттік мекемесінің 2019жылғы 3 қаңтардағы «Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңесін құру туралы» бұйрығына сәйкес Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. Жиналысқа қамқоршылық кеңес мүшелері толығымен қатысып,
күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қамқоршылық кеңес төрағасын сайлау, кеңес жұмысын ұйымдастыру туралы ережелермен таныстыру, қамқоршылық кеңес жұмыс жоспарын бекіту, мектептің қызметі, жай күйі туралы мәселелер талқыланды.