Алғыс айту күні
Мұхтар Әуезов мектеп-гимназиясы 2018-2019 оқу жылы наурыз айында
1 наурыз «Алғыс айту күні» мерекесіне арналған іс-шараның қорытынды анықтамасы
Мақсаты: Балалар мен жастардың айналасындағы көмекке мұқтаж жандарға мейіріммен қарап, қайырымды істер жасауға, қамқор болуға баулу.
2018-2019 оқу жылының наурыз айында 1 наурыз «Алғыс айту күні» мерекелік іс-шара жоспары жасалып, бекітілді. Жоспар бойынша «Қазақ халқына алғысым шексіз» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. «Алғыс айту парызым» тақырыбында алғыс айту парақшалары шығарылып, қабырға газеттері ілінді. Сонымен қатар мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Абуова мен әлеуметтік педагог Қ.Мұқылбекова және педагог-ұйымдастырушы А.Нуртаеваның жетекшілігімен «Барлығы рахмет үшін» қайырымдылық акциясы өткізілді. Акция барысында мектебіміздің жасұландықтарымен бірге Темирбулатовна Антонина апаның үйіне барып, алғысын алып қайттық. Және де «Ұстазыма рахмет» атты мерекелік бағдарлама өткізіліп, оқушылар мұғалімдеріне алғыстарын айтты.