"Жақсы тілек- жылы жүрек" "Алғыс айту күні"
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында 1-наурыз Алғыс айту күніне орай мейірімді істерге, қайырымдылық акцияларына балалардың қатысуын қамтамасыз ететін іс-шаралар ұйымдастыру, қоғамға риясыз қызмет көрсетудің жағымды идеяларын кеңінен насихаттау мақсатында, «Қазақстан-мейірімділік мекені» атты республикалық балалар бастамасын ұйымдастыру барысында жасұландықтардың қатысуымен «Жақсы тілек- жылы жүрек»акциясы болып өтті. Акцияға мектептің әлеуметтік педагогы Қ.Мұқылбекова және мектеп тәлімгері Б.Тумашеваның ұйымдастыруымен жасұландықтар көмекке мұқтаж еңбек ардагерлері Темирбулатов Рахымжан мен Темирбулатова Антонинаның және жағдайы төмен отбасы Рысбеков Сейдмухтар және Кулжанова Косалханың үйіне барып, көмек қолдарын берді. Оқушылар өздері дайындаған жақсы тілектерін, ыстық лебіздерімен ашық хаттарын және тәттілерін тарту етті. Мектеп оқушылары айналасындағыларға, көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық істер мен табиғатқа қамқорлық жасауға бағытталған жұмыстарға әрдайым дайын екендіктерін көрсетті. Алдағы уақыттарда бұл жұмыс жалғаса беретін болады.