"Ерте жүктіліктің алдын алу"
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында желтоқсан айының 5 күні 9-10-11 сынып оқушылары арасында «Қыз балалардың репродуктивті дамуы және мектеп жасындағы ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді.
Мақсаты:
Жаңа әлеуметтік даму жағдайында қыз балаларға тәрбие берудің жүйесін айқындай отырып, белсенді шығармашылық іс әрекеттерге дайын, ұлттық және әлемдік білім нәрімен сусындаған жоғары деңгейдегі мәдениетті және адамгершілігі мол, жан сұлулығы мен тән сұлулығын қатар алып жүре алатын, өзінен кейінгі ұрпақ алдындағы жауапкершілік ұғымын түсінетін қыз бала тұлғасын қалыптастыру.
2018 жылдың желтоқсан айының 5- күні мектептің жоғарғы сынып қыздарымен «Қызбалалардың репродуктивті дамуы және мектеп жасындағы ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді. Жиналыс тәрбие орталығының ұйымдастыруымен өткізілді. Жиналысқа директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Л.Абуова және мектеп психологтары А.Момынова және Э.Қалдыбекова, әлеуметтік педагог Қ.Мұқылбекова, мектеп медбикесі Г.Сатенова және Аудандық орталық аурухананың жастар денсаулық орталығының жетекшісі М.Сағатова, Аудандық орталық аурухананың емхана денсаулық орталығының психологы Ұ.Тәжібаева қатысты. Жиналыс барысында қыздарға арнап бейнероликтер көрсетілді, дәріс оқылды, қызықты тренингтер өткізілді. Қыздар ойларындағы сұрақтарына жауап алды.