8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні » Жамбыл обласы Сарысу ауданы "Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы" КММ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Сарысу ауданының білім бөлімінің
«Мұхтар әуезов атындағы мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72634) 6-26-32
Есепші бөлімі:
+7 (72634) 6-26-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
наурыз
2019

8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні

Мұхтар Әуезов мектеп-гимназиясы 2018-2019 оқу жылы наурыз айының 

7 жұлдызында 8 наурыз –Халықаралық әйелдер күніне арналған    «Таң шапағаты» атты мерекесіне арналған іс-шараның  қорытындысы



Мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.


2018-2019 оқу жылының наурыз айының  7 жұлдызында   сағат 7:30 дан бастап, мектеп дәлізін безендіріп, 8 наурыз –Халықаралық әйелдер күніне арналған «Таң шапағаты» атты мерекелік құттықтау іс –шарасы  өткізілді. 5 «В» сынып оқушысы Тынышбек Алихан әдемі әнімен мерекелік іс- шарамызды ашып, мектептің ер мұғалімдері ұстаздарға ізгі тілектерін айтып құттықтау сөздерін айтты. 9 «Г» сынып оқушысы Бұралқиева Ақнұр "Ана" әнін орындаса, 6 «Ә» сынып оқушысы Қамбар Ерболат «Әке- ана» әнін орындап , мұғалімдерді мерекемен құттықтады.


  "Аяулы ана, асыл жар, ардақты ұстаз» атты мерекелік іс-шара



Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер ұстаз- аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушылардың ұстазға, ата – анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу.


2018-2019 оқу жылының наурыз айының 7 жұлдызында  8 наурыз –Халықаралық әйелдер күніне арналған 11 «Ә» сыныбының ұйымдастыруымен «Аяулы ана, асыл жар, ардақты ұстаз» атты концерттік бағдарлама өткізілді. 1 «Б» сыныбының бүлдіршіндері ұстаздарға арнаған өлең-шумақтарын тарту етті. Осы сыныптың бүлдіршіні Ануарбек Бақдаулет «Апатайым» әнін орындап, барша аналарды, ұстаздарды мерекемен құттықтады 11 «Ә» сыныбының оқушысы Биболатова Айдананың «Самға» әнін орындаса, 5 «Ә» сынып оқушысы «Балбырауын» күйін тартып көңілді бір марқайтып жіберді. Ал  11 сынып қыздары «Испан», «Джаз» билерімен көрермендерді таң қалдырды. Және де ұлдардан құралған топтың музыкалық көріністері де тамаша әсер қалдырды. Ардагер ұстаздарға алғыс білдіру мақсатында ұстаздарға арналған гүл шоқтарымен, оларға арнап дайындаған фотоальбомдарын да көрсетті. Абдрасилова Айдананың «All of me» әнімен ортада вальс билеп, ойындар да ойнатылды. Кеш соңында қорытынды сөз айтылып, мерекелік бағдарлама жоғары деңгейде өткізілді.

Күні: 07.03.2019 ж.

Педагог – ұйымдастырушы: А.Нуртаева





























Похожие публикации:

01 наурыз 2019 Алғыс айту күні
06 наурыз 2019 Волейбол 2019ж.
07 наурыз 2019 Хабарландыру
07 наурыз 2018 "Ана - көктем"
14 наурыз 2017 1 Наурыз
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив