22
сентябрь
2022
"Ыстық тамақпен қамтамасыз ету"
Мұхтар Әуезов мектеп- гимназиясында 2022 -2023 оқу жылында бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етуге ұсынылған оқушылар тізімі жасалды. Мектеп асханасына жеткізілетін тамақ өнімдерінің, ыстық тамақтың сапасын, мөлшерін бақылау барысында мектепішілік бракераж комиссиясы құрылды. Әлеуметтік көмекті қажет ететін жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушылардың тегін ыстық тамақпен қамтылуы жөнінде құжаттар жинақталып, отбасы жағдайлары зерделенді. Аз қамтылған күн көріс деңгейі төмен отбасы балаларының ішінен август-сентябрь айында 310 оқушының тізімі жасалып, мектеп директорының бекітуімен және қала әкімінің келісімімен тізім білім бөліміне жолданды. І ауысым бойынша 123 оқушы, ІІ ауысым бойынша 187 оқушы ыстық тамақпен қамтылды. меню по питанию, тамақ ішетін сыныптардың уақыт кестесі, әкімшілік кезекшілік кестесі мектеп директорымен бекітіліп, мектеп асханасының бұрышына ілінді. Аз қамтылған отбасы оқушыларына берілетін тегін ыстық тамақтың сапасы мен ас мәзіріне сәйкестігі күнделікті қадағаланып отырады.












