Жеті қарақшысы жоқ аспан
Өңір басшысы Ербол Шырақбайұлы Қарашөкеевтің қолдауымен 2025 жыл Жамбыл облысында «Кітап оқу жылы» болып жарияланды. «Әулиеата-кітап оқитын өңір» жобасы аясында Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының информатика, физика, математика пән бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жеті қарақшысы жоқ аспан» атты интеллектуалды сайыс өткізілді. Мақсаты: Бүгінгі жаhандану заманында ұлттық құндылықтарымыз бен бірегейлігімізді сақтау, жастарды кітап оқуға баулып, рухани тәрбиені ұлттық негізде дамыту.