03
декабрь
2021
Декабрь айында мектеп асханасына жүргізілген зерделеу жұмыстары
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп гимназиясында 2021-2022 оқу жылының декабрь айында мектеп асханасына жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасын, мөлшерін зерделеу жүргізілді. Зерделеу барысында мектепте әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасынан шыққан 285 бала күнделікті бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған. Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру және асханаға кіргізу жағдайы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 августдағы №36 қаулысына сәйкес Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде білім беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану обьектілеріне қойылатын талаптарын сақтай отырып қамтамасыз етілген. І ауысым бойынша-95 оқушы / 4 топқа /, ІІ ауысым бойынша - 193 оқушы / 4 топқа/ бөлініп әр 30 минут сайын тамақ ішеді. Оқушыларды тамақтандыру кезінде асхана қызметкерлері белгіленген кесте бойынша оқушыларға дер кезінде қызмет көрсете алады. Асхана жұмысын тексеруде санитарлық-гигиеналық жағдайы таза талапқа сай екендігі анықталды. Асханадағы шикізат өнімдерін сақтайтын қойма ішінің таза, өнімдердің реттілігі, жинақылығы анықталды. Ыстық тамақтардың сапасы жақсы, күнделікті ас мәзіріне сәйкес жасалатындығы анықталды.


