09
октябрь
2024
«Қазақ әдебиетінің ақсұңқары»
Балалар кітапханасы
# Сәкен Сейфуллин 130жыл
11.10.2024 жылы Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназия кітапханасының ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы және «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында Сәкен Сейфуллиннің туылғанына 130 жыл толуына орай «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» атты әдеби дүрбі 11 «А» сынып оқушыларымен өткізілді.
Мақсаты: Оқырмандарды еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен,Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу, ақынның өз заманындағы саяси-қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеуге насихаттау.
Қазақстанның қоғамдық тарихында абыройлы орын алатын,революционер-коммунист, қазақтың белгілі жазушысы, ақын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін салушы Сәкен Сейфуллиннің туылғанына 130 жыл толып отыр.
ХХ ғасырдағы жаңа әдебиеті негізін салушылардың бірі Сакен Сейфуллин аз ғана ғұмырында өлшемейтін мол мәдени мұра қалдырды. Қазақ әдебиетінің барлық жанрында тамаша туындылар берген жаңашыл жазушы қаламынан туған шығармалар халық өмірінің ең көркем образдар арқылы , терең идеялар айтып, эстетикалық игіліктер жасады.
Ұлттық әдебиетке төңкерістік мазмұн жаңа нысан, асқан идея әкелген жазушы туындылары халқымыздың рухани қазынасын қорландыра түсті.Сәкен Сейфуллин кеңестік дәуірде туған әдебиетінің тұңғыш қаламгері болып, поэзия, проза, драматургия сияқты жанрлармен әдебиетіміздің басқа саласында да көрнекті қызметтер атқарды.
Сәкеннің ерлік күреске толы өмірі мен шығармашылық еңбектері біздің әдебиетіміздің идеялық қалыптасуы кезіндегі орасан қызметімен бірге, оның профессионалдық жағынан өсуіне, ер жетуіне зор үлес қосты. Ол қазақ әдебиетін барлық жанр жағынан ілгерілетіп, жаңа дәуір талаптары негізін де үлкен жаңалықтар жасады. Қазақ әдебиетінің негізін салушы , тамаша ақын және көрнекті қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллинның есімі халық арасына кең жайылған. Сәкен Сейфуллин қазақ ақындарының ішінде бірінші рет революцияны, сол арқылы тарихи кезеңдерді ашық бейнелейді.
Іс-шара барысында 11«А»сынып оқушылары Ануарбек Меруерт, Байбосын Бақжан, Әшім Аруна, Байбол Мейіржан, Балтабек Балауса, Берікбай Аяла Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығын таныстырып, үзінділер айтып берді.