15
март
2023
Мағжан Жұмабаевтың 130 жыл . "Алаштың сөнбес жұлдызы"
#Оқуға құштар мектеп
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназия кітапханасының ұйымдастыруымен март айының 13-ші жұлдызында"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай "Алаштың сөнбес жұлдызы" атты әдеби кеш 6"А" сынып оқушыларымен өткізілді.
Мақсаты: Оқырмандарға Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен поэзия жанрындағы еңбектерінен мағлұмат беру.Ақынның шығармалары арқылы оқырмандардың әдебиетке деген қызығушылықтарын ояту,сөйлеу мәдениетін,ойлау шеберлігін дамытуға насихаттау.
Мағжан(Әбілмағжан)Бекенұлы Жұмабаев 25 июнь 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы,қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы,Сасықкөл жағасында дүниеге келген.19 март 1938 жылы 44 жасында Алматыда дүниеден озды.
Алаш қозғалысының қайраткері,ақын,қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың өмірі тереңнен сыр шертетіндігімен таныса отырып,ғұмыр жолындағы әртүрлі айтарға тұрарлық ақпараттармен танысты.Шығармаларына шолу жасалып бірсыпыра өлеңдерін оқыды.Ақын тұңғыш өленіңнен бастап әлеуметтік тақырыпқа ден қойып қойып, ағартушылық ұлт-азаттық демократияшыл бағытты ұстанды.Мағжан Жұмабаев ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді көтерді, халқын өнер білімге шақырды.
Мағжан Жұмабаевтың өмір жолы мен шығармаларына 6"А" сынып оқушылары Ержанұлы Бекжан,Мектепберген Айару,Еркін Нұрасыл, Аман Бекежан,Айтбай Арайлым,Бекболат Даяна тоқталып өтті.
Іс-шара соңында ақынға арналған "Көркем сөздің жұлдызы" атты кітап көрмесі библиографиялық шолу арқылы таныстырылды.
Кітапхана қорындағы Мағжан Жұмабаевқа байланысты әдебиеттер,мерзімді басылым беттерінде әр жылдарда жарық көрген мақалалар және ғаламтор беттеріндегі қызықты мәліметтер қойылды.
Әдебиетте өшпейтін із қалдырған,
Қара өлеңнің құдіретін ұғындырған.
Алаштың ардақты ұлы Мағжан ата,
Қара көзді қазағым деп шырылдаған.
Ұлы Мағжан есімі мәңгі жасай бермек!
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шымболатова Жамила.