«Мәшһүр Жүсіп әлемі» » Жамбыл обласы Сарысу ауданы "Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы" КММ
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-гимназия имени Мухтара Ауезова»
отдела образования сарысуского района
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(72634) 6-26-32
Бухгалтерия
+7 (72634) 6-26-32
Версия для
слабовидящих
22
декабрь
2023

«Мәшһүр Жүсіп әлемі»

#Оқуға құштар мектеп
# Балалар кітапханасы
# Мәшһүр Жүсіп Көпеев 165 жыл
     Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназия кітапханасының ұйымдастыруымен декабрь айының 21-ші жұлдызында «Оқуға құштар мектеп» және «Балалар кітапханасы »жобасы аясында Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің туғанына 165 жыл толуына орай «Мәшһүр  Жүсіп әлемі»  атты  тарихи шежіре 5 - 8  сынып оқушыларымен өткізілді.
   Мақсаты: Оқырмандарға  ұлы  ойшыл, фольклор танушы,  философ,ақын, қазақ  мәдениеті мен әдебиетінің  белгілі тұлғасы  Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің  өмірі мен шығармашылығын  таныстыру, әдеби  мұрасын насихаттау.
     Мәшһүр Жүсіп Көпеев кейінгі  ұрпаққа  қазақ  халқының  ауызекі  шығармашылығын  сақтауға  сүбелі үлес қосқан  құнды  мұра қалдырды. Оның араб және латын    графикасында  жазылған  қолжазбалары  Қазақстанның  ғылыми  қорларында  ғана емес, өзге елдерде  сақтаулы.
        Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1858—1931, Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған) — ойшыл, фольклор танушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Күлік бөлімінен шыққан.Мәшһүр-Жүсіп араб және парсы тілдерін жетік білгенімен қоймай, көп тілді білген ғұлама.
      Мәшһүр  Жүсіп Көпейұлы халқымыздың ауыз әдебиетін, шежірелі тарихын және салт-дәстүрін жан-жақты зерделеп, ұлт руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосты. Халықты өнер-білімге шақырған өлеңдер мен толғаулар, дастандар мен қиссалар жазып, төл әдебиетіміздің көкжиегін кеңейтті. Ұлы ойшылдың мол мұрасы әлі де талай ұрпақтың қажетіне жарары сөзсіз. «Салған мені бейнетке ғылым-білім» деп ақынның өзі жырлағандай, терең таным мен телегей білімнің арқасында елге танымал болып, «Мәшһүр» атанған абызды ұлықтап, еңбектерін жұрттың жадында жаңғырту – баршамыздың ортақ парызымыз. 
     Ұлтымыздың тағдыры мен тарихына өшпес із қалдырған ұлы перзенттердің бірі-  Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. 
 Іс-шара барысында 5 "Ғ" сынып оқушысы Батырбек Жанайым, 8 «Б» сынып оқушылары Тәжібай Ақсауле,Темірқұл Асхат,Дүсенғали Алина, Сапарбек Жібек,Зарылхан Ғалия,Шабар Ислам,Әбіш Нұрислам    Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің  өмірі мен шығармашылығы туралы  тоқталып өтті.

Похожие публикации:

21 февраль 2023 "Ана тілім-ардағым"
01 февраль 2023 "Кел,бірге оқиық!"
27 январь 2023 "Кел,бірге оқиық!"
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив