01
сентябрь
2023
"Мектебім-мейірім мекені !"
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында 2023-2024 оқу жылының 1 сентябрь күні "Мектебім-мейірім мекені !" тақырыбында салтанатты жиын өтті.Салтанатты жиынға Сарысу ауданының әкімі С.Ү.Мамытов және білім бөлімі басшысы И.А.Баймағанбетов қатысып оқушылар мен ұстаздарға жылы лебіздерін білдіріп,алдағы оқу жылына сәттілік тіледі.Жиында алғашқы қоңырауды 1"А" сынып оқушысы І.Қаншора мен 1"Д" сынып оқушысы Б.Бекмұрат соқты.Оқушылар білім күніне арналған өлең шумақтарын оқып, ән шырқады.


