25 май "Мектебім, саған мың алғыс!" » Жамбыл обласы Сарысу ауданы "Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы" КММ
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-гимназия имени Мухтара Ауезова»
отдела образования сарысуского района
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(72634) 6-26-32
Бухгалтерия
+7 (72634) 6-26-32
Версия для
слабовидящих
25
май
2024

25 май "Мектебім, саған мың алғыс!"

«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ САРЫСУ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП- ГИМНАЗИЯСЫ»  КОММУНАЛДЫҚ   МЕМЛЕКЕТТІК  МЕКЕМЕСІ
Сарысу ауданы білім бөліміне
       2023-2024 оқу жылы 9-11 сынып оқушылар арасында  «Мектебім, саған мың алғыс !» атты салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының ән ұранымен басталды.      
     Жиынға Сарысу ауданы әкімі Сарысу ауданы әкімі Мамытов Сәкен Үмбетұлы, Сарысу ауданы білім бөлімінің басшысының уақытша міндетін атқарушы Кабулова Гүлдана Расулқызы қатысып түлектерге жылы лебіздерін білдірді. .
    Мектеп-гимназия директоры   К.Сарсекова бітіруші түлектерді құттықтап, облыс, аудан көлемінде жетістікке жеткен оқушыларды марапаттады .
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. Өскелең ұрпақтың оқу сауаттылығы мен оқу мәртебесін және оқу сапасын арттыру, сонымен қатар жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік бағдарларды қалыптастыру мақсатында мектебімізде «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша «Ең үздік оқырман» 8 «В» сынып оқушысы Нұрмахан Асқар І орын,  8« Ә» сынып оқушысы   Өтебай Кәусар ІІ орын, 5 «А» сынып оқушысы   Қозбақов Алихан  ІІІ орын мен марапатталып , бағалы сыйлықтар тапсырылды.
    1-сынып бүлдіршіндері түлектерге өлең шумақтарын арнады.Бітіруші түлектер   атынан мектептің мақтаныштары,    жазушы Пернебай Дүйсенбинге арналған «Жас ақындар» облыстық байқауының «Бас жүлде» иегері, Абай оқулары атты облыстық байқауда 1 орын иегері, аудандық дебат ойынының үздік спикері 11  «Б» сынып оқушысы Тыныштықбай Елдосқа,  «Қызыл аттестат» үміткерлері, мектеп мақтаныштары, білімдерімен аудандық, облыстық олимпиядаларда ерекшелінген 11 «А» сынып оқушылары Елепбай Айдана, Амандос Нұрайым,  Елеубек Балнұр және 11 «Ә» сынып оқушысы Шымырбай Нұрай сөз сөйледі.
   Салтанатты мерекеде соңғы қоңырау соғу рәсімі мектебіміздің мақтанышы, 11 жыл бойы өзін тек жақсы оқу, үлгілі тәртібімен көрсете білген, бірнеше рет мектеп, қала намысын қорғап жүрген, Халықаралық  «Be Clever»  олимпиадасынан   І   дәрежелі диплом иегері, Еуразия Ұлттық Университетінің ұйымдастыруымен өткен облыстық математика пән олимпиадасынан   ІІ дәрежелі диплом иегері, «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастырған байқауларының І және ІІ дәреже диплом иегері, «Алтын белгі» үміткері 11 Ә сыныбының түлегі Амангелді Нұрасылмен  1 б сыныбының оқушысы Арқабай Асиманы берілді.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив