03
июнь
2020
"Birgemiz" "Түлек-2020"
2019-2020 оқу жылындағы мектеп бітіруші түлектерге арналған "Birgemiz:Түлек - 2020" тақырыбында салтанатты жиын өтті. Жиынға Сарысу ауданы әкімінің бас инспекторы Домалақов Ильяс Алимбайұлы және Сарысу ауданы әкімдігі білім бөлімінен Кабылова Гүлдана,Сарысу ауданы әкімінің жастар ісі жөніндегі кеңесшісі, аудандық еріктілердің жетекшісі Мұхтар Әуезов мектеп-гимназиясының түлекгі Бауыржан Балғабай қатысты. Жиын санитарлық талаптарға сай жүргізілді. Оқушылар мектепке арнаған өлеңдерін айтып, мектеп вальсін биледі. Мектеп директоры оқушыларға арналған ізгі тілектерін айтып, аттестаттарын таратты. Салтанатты жиын соңы ағаш отырғызу акциясымен аяқталды.




























