07
қазан
2022
"Дүниежүзілік тамақтану күні"
Мұхтар Әуезов мектеп-гимназиясында қазан айының 7-17 жұлдызы аралығында Дүниежүзілік тамақтану 10 күндігі өтті. Мақсаты- Оқушылардың дұрыс тамақтану бойынша ақпараттануын арттыру арқылы оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайту, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру. Жоспар бойынша 6 сыныптар қабырға газетін шығарды. Сынып оқушылары өз ойларын сурет және кесте арқылы жеткізді. Ал 1-2 сынып жетекшілері "Дәрумендердің пайдасы" тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Оқушылар белсене қатысып, қызығушылықтары оянды. Сонымен қатар 5 сынып оқушылары "Дұрыс тамақтанудың негізгі ережелері" тақырыбында диктант жұмыстарын жазды. 3-4сыныптар мектеп медбикесі Г.Сатенованың "Дәмді мен тәттінің бәрі пайдалы ма?" тақырыбындағы сауалнамаға ашық түрде жауап берді.


























