Салауатты тамақтану-жақсы білімге апаратын жол
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында қазан айының 12 күні 7 сынып оқушылары арасында «Салауатты тамақтану-жақсы білімге апаратын жол!»атты тақырыптық байқау өткізілді.
Мақсаты:
Оқушылардың дұрыс тамақтану туралы білімдерін жүйелеу,кеңейту.Тазалық гигиенасы туралы ережелермен таныстыру.
Дұрыс тамақтана білу мәдениетіне тәрбиелеу.Өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға үйрету.
Байқауды мектептің әлеуметтік педагогтары Қ.Мұқылбекова және А.Есенбаев, мектеп медбикесі Г.Сатенова ұйымдастырып, Салауаттану өмір салтын қалыптастыру орталығының кабинет дәрігері Ж.Абдиров және Салауаттану өмір салтын қалыптастыру орталығының мейірбикесі Р. Сейітқазиева қонақ ретінде шақырылды. Байқау 5 кезеңнен құралды.
1.Таныстыру (әр топ өздерінің аты мен эмблемасымен таныстырады)
2. Үй тапсырмасы бойынша өздері салған плакаттарын қорғау
3. «Мың бұрала» би жарыс
4. Дәрумендердің пайдасы (әр топ оқушылары өздері әкелген жеміс-жидек, көкіністер арқылы тақырыпты ашу)
5. Әр топ асқа,тағам, дастарханға байланысты ырымдар айту.
Белсене қатысқан оқушылар, байқау соңында марапатталды.