"Дұрыс тамақтану - бұл керемет білімге жол" » Жамбыл обласы Сарысу ауданы "Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы" КММ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Сарысу ауданының білім бөлімінің
«Мұхтар әуезов атындағы мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72634) 6-26-32
Есепші бөлімі:
+7 (72634) 6-26-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
сәуір
2022

"Дұрыс тамақтану - бұл керемет білімге жол"

Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында "2022-Балалар жылы" аясында Дүниежүзілік тамақтанудың 10 күндігіне орай сәуір айының 1-10 жұлдызы аралығында "Дұрыс тамақтану - бұл керемет білімге жол" тақырыбында іс-шаралар ұйымдастырылып, жоспары құрылды. Жоспар бойынша мектеп медбикесі Г.Сатенова " Оқушылардың тамақтану тәртібі", "Оқушылар гигиенасы", "Тұздың пайдасы мен зияны ", "Ауыз сумен қамтамасыз ету тәртібі" атты тақырыптарда 7-8 сынып оқушыларына дәріс сабағын жүргізді.  3-4 сынып жетекшілері "Тиімді және үйлесімді тамақтану - денсаулық кепілі", "Дұрыс тамақтанбаудың кері әсері" тақырыптарында тәрбие сағаттарын өткізді. 
Осы онкүндікте асханадағы ас мәзірі мен санитарлық тазалықты тексеру жұмыстары жүргізіліп, талапқа сай екендігі анықталды. Сонымен қатар, мектебімізде әлеуметтік педагог А.Самбетова, мектеп медбикесі Г.Сатенова және "Салауатты өмір салтын қалыптастыру" орталығының мамандарының ұйымдастыруымен оқушыларды дұрыс тамақтана білуге, зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу мақсатында "Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі" атты сайыс өткізілді. Сайысқа 6 сынып оқушылары қатысып, өздерінің терең білімдерін көрсетті. Сайыстың қорытындысы бойынша: І орынды 6 "Б" сыныбы, ІІ орынды 6"Ә" сыныбы, ІІІ орынды 6"А" сыныбы иеленіп, бағалы сыйлықтармен, мақтау қағаздарымен марапатталды.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив