«Дұрыс тамақтану-бұл керемет білімге жол»
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп гимназиясында сәуір айының 2-10 жұлдызы аралығында «Дұрыс тамақтану-бұл керемет білімге жол» тақырыбында іс-шара жоспары құрылды. Жоспар барысында мектеп медбикесі Г.Сатенова «Оқушылардың тамақтану тәртібі» , «Оқушылар гигиенасы», «Тұздың пайдасы мен зияны» тақырыптарында 7-8 сынып оқушыларына дәріс сабағын жүргізді. Дұрыс тамақтану мәдениетін насихаттау барысында «Ас адамның арқауы» тақырыбында 3-11 сынып аралығынан диктант жұмыстары алынды. 3Д сынып жетекшісі Д.Ниетбекова, 4В сынып жетекшісі Ә.Каримова, 4Д сынып жетекшісі М.Тоғайбаева «Тиімді және үйлесімді тамақтану-денсаулық кепілі», «Дұрыс тамақтанбаудың кері әсері» тақаырыптарында тәрбие сағаттарын өткізді. 5Б, 5Д,6Б сынып оқушыларымен «Пайдалы тағамдар» тақырыбымен суреттер байқауы ұйымдастырылды.







