28
тамыз
2018
Құттықтау
Жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз.
Жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз.
Жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз.
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы жаңа 2018-19 оқу жылына дайын.
Мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары толық жүргізілді. Мектеп ауласы шөптен тазартылып , қоршаулар сырланды. Жылу жүйесі көктемгі қысым арқылы тексеруден өтті.Спорт алаңы арнайы сызықтарымен сызылып , ойнауға арналған жабдықтар боялды.
Мектепте «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы өткізілді. Акция барысында кәсіпкерлердің қолдауымен аз қамтылған отбасы балаларына киім-кешектер мен оқу құралдары таратылды. Аз қамтылған отбасы балаларын ыстық тамақпен қамту тізіміне 149 оқушы тіркелді.
Мектепке бір робототехника кабинеті және қосымша компьютерлер берілді. Мұғалімдер бөлмесіне 3 компьютер қойылып, мектеп мұғалімдерінің жұмыс жасауына қолайлы жағдай жасалды. Мектеп оқушылары түгел оқулықпен қамтылды.
Ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайту мақсатында 2018-19 оқу жылына арналған келісім шарт үлгісі жасалды. Мектеп қыркүйек айынан бастап келісім шарт негізінде өз жұмысын бастайды.
Мектеп әкімшілігі
Орындаған М.Смайлова
.