"Мектепке жол" акциясы
«Мектепке жол » акциясы
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында «Мектепке жол» жалпы республикалық
акциясының басталуына орай
ұйымдастыру
шаралары жүргізілді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің
бастамасымен 2017 жылғы 1 тамыздан бастап 30 қыркүйекке дейінгі кезеңде Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында дәстүрлі
«Мектепке жол» жалпы республикалық
қайырымдылық акциясын өткізу
жөнінде хабарлайды. Бұл бастама «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!»
ұранымен өткізілуде. Акцияның басты идеологиясы
аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа
оқу жылына дайындық кезеңінде
және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу үшін көмек көрсету болып табылады. Акция
барысында мектепке келе алмау қауіпі бар балаларды анықтау үшін арнайы рейдтік
іс-шаралар,пәтерлерді,көше ,шағын аудандарды аралап балалардың туылғаннан 18 жас есебі жүргізілуде .Әлеуметтік
қорғалмаған отбасыдан шыққан балаларға көмек көрсетуге аса көңіл аударылуда.
Ауданымыздың азаматтарын,бизнесмендерді,меценаттарды акцияға қосылуға және қиын жағдайға тап болған балаларға
,отбасыларға көмек көрсетуге ,сондай – ақ мектепке өз жолын табуға қол үшін
беруге шақырамыз – деп үндеу хаттар таратылды.