02
сәуір
2020
"Біздің мектепте қашықтықтан оқыту қалай ұйымдастырылады" ата-аналар жиналысы
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында 2020 жылдың 2 сәуір күні короновирустық инфекция пандемиясы кезеңінде мектепте қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мақсатында "Біздің мектепте қашықтықтан оқыту қалай ұйымдастырылады" атты тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Сынып жетекшілер ата-аналарға 4 тоқсанда оқу процесі қалай ұйымдастырылатыны және қашықтықтан оқыту режимі эпидемиологиялық жағдайға байланысты сақталатынын айтты. Мектете алдын ала оқушылардың әлеуметтік жағдайы зерделеніп , тізім жасалынды. Үйлерінде интернеті бар, компьютері жоқ оқушыларға мектеп тарапынан компьютерлер берілді. Ал интернеті, компьютері жоқ отбасы оқушыларына тапсырмаларды үйлеріне санитарлық талаптарды орындай отырып, жеткізу жағдайы қарастырылғанын айтып ескертті.










