"Отбасы - бақыт мекені-2019"
2018-2019 оқу жылы.
Отбасы күніне арналған "Отбасы-бақыт мекені" атты тақырыпта ата-аналар комитеттері, қамқоршылық кеңес мүшелерімен жиналыс өтті. Ата-аналарға «Балалардың отбасындағы қауіпсіздігі», «Абай бол!Терезе...», «Баланы интернеттен қорғау» тақырыбында сынып жетекшілер ата-аналарға оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау «Қауіпті аймақ» атты түсіндіру жұмысы жүргізілді, оқушыларға өзін-өзі сақтау және жолда жүру ережелерімен, судан ,оттан, кенеден сақтау тәртібі осы мәселелер бойынша ата-аналар тарапынан басты назаға алынсын деп шешім шығарды. Ата-аналар жаз мезгілінде балаларының қауіпсіздігін өз жауапкершілігіне алып қол хатқа қол қойды.
Мектеп директоры Р.Қамбарбаева өз сөзінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2019 жылғы 1 ақпандағы № 53 бұйрығы бойынша орта білім беру ұйымдарында 2019 жылғы 25 мамырда сабақ аяқталатынын айтып өтті. 9 сыныптардың қорытынды бітіру емтихандары 2019 жылдың 27 мамыр - 6 маусым аралығында өтеді.
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 01-1854 хатында жалпы білім беретін ұйымдарында «Болашақ-жастардікі» тақырыбында мектеп бітіру іс-шарасы ұйымдастырылады. Оқу жылын аяқталуына байланысты мектеп бітіру кештерін мейрамханаларда, кафелерде және басқа да ойын-сауық мекемелерінде өткізуге және мұғалімдерге сыйлық алу үшін ақша жинауға тыйым салынған, мектеп бітіру кештерінің өту барысында оқушыларға мектеп жарғысындағы мектеп формасының, шаш үлгісінің қатаң сақталуы керектігі және мектеп бітіру кеші мектептің асханасында өткізілетіні туралы ата - аналарға айтылды.