"Менің елім-менің Президентім"
Президентке хат
Мен заңғар жазушы Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының 3 «Б» сыныбында білім алудамын. Сіздің «Рухани жаңғыру» мақалаңыздағы туған жерге қатысты ой қозғағаныңыз тек маған ғана емес, бүкіл мектебіміздің оқушыларының жүрегіне жол тапқандай. Мектебімізде Сарысу өңірінен шыққан елге танымал тұлғалармен кездесулер өтті. Сол кездесулерден кейін, шын мәнінде рухани байып қалдық деп ойлаймын. Сонымен қатар жыл сайын мектебімізде Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға қатысып, жүлделі орындарды иеленудемін.
Биыл мектебімізде Президент күні қарсаңында, жас ерекшелігімізге байланысты шығармашылық байқау ұйымдастырылды. Мен «Нұрсұлтан ата» атты арнау өлеңімді және мектеп көрмесіне « Президентке хат» мақаламды ұсындым. Мақтанарлығым осы екі шығармаммен де жеңімпаз атандым. Бұл менің ел басымыз өзіңізге деген мерекелік тартуым.
Құрметті Нұрсұлтан ата! Сізді төл мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздің елімізге жасап жатқан еңбегіңізді теледидар арқылы көріп отырамын. Мен Тәуелсіз елде тұрып жатқаныма мақтанамын. Барлығы сіздің арқаңыз деп білемін.