«Ғажабы мол, сырға толы- Сарысуым»
Қыркүйек айының 22-23 жұлдызында Орал қаласында Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдарының оқушылар арасында ұйымдастырылған «ЭКСПО» 2017 шеңберінде жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің Республикалық форумы өтті. Осы форумға Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гиназиясының пән мұғалімдері Г.Сүйгенбаева, Б.Дандибаеваның жетекшілігімен 11 сынып оқушылары Шегетай Нұрасыл мен Бейсенбай Аружан «Туған өлкені зерттеймін» номинациясы бойынша «Ғажабы мол, сырға толы- Сарысуым» тақырыбында ғылыми жоба байқауына қатысып І дәрежелі диплом иегерлері атанды. Жеңімпаздарды мектеп ұжымы үлкен қошеметпен қарсы алды. Мектеп директоры Р.Қамбарбаева мектеп оқушыларына бұл жеңісті мақтаныш үлгі ретінде дәріптеп, жеңімпаздарды шығармашылық жеңістерімен құттықтады. Бұл жеңісті заңғар тұлға М.Әуезовтың 120 жылдық мерейтойына тартуымыз деді. Сонымен қатар осы жобаның ғылыми кеңесшісі ауданымыздың атақты балалар жазушысы Пернебай Дүйсенбинге құрметпен өз алғысын білдірді.