06
қазан
2017
«Жаһандану тұсындағы рухани жаңғыру»
Қазан айының 6 жұлдызында Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында «Жаһандану тұсындағы рухани жаңғыру» тақырыбында кең көлемді іс-шара өтті. Мақсаты: Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын негізге ала отырып, Қазақстанның түбегейлі жаңғыру және жаңа идеалар арқылы болашағын баянды ете түсу. Мемлекет басшысы санамыздың ашықтығы мен алдағы уақытта маңызды міндеттерді «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт дәстүрлеріне, айрықша іңкәрлікпен атсалысуға, ой санамызды кемелдентіп, рухани жаңғыруға шақырады. Ақын Маралтай Райымбекұлы өзінің жазған өлеңдерін оқып, кітапханаға өзінің кітаптарын сыйға тартты.