09
желтоқсан
2019
"Қанаттан, талпын-жас ұстаз"
Партия аудандық филиалына қарасты "Наурыз" бастауыш партия ұйымында М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының мәжіліс залында "Jastar-Otanga!" партиялық жобасы аясында мектепішілік "Қанаттан талпын-жас ұстаз" байқауы өткізілді. Шараны партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуаныш Құлыбеков пен мектеп-гимназия директоры Р.Қамбарбаева ашып, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі. Қызықты өткен шараға мектебіміздің 6 ұстазы қатысты. Екі сағатқа созылған шарада өз өнерлерін ортаға салған ұстаздарға әділқазылар алқасы өз бағасын беріп , жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады. Шараға қатысқан барлық ұстаздарға арнайы дипломдар мен сыйлықтар берілді.
















