"Үздік педагог"
Мектепішілік «Үздік педагог» байқауы
1-3 ақпан аралығында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Алибекованың ұйымдастыруымен мектепішілік «Үздік педагог» байқауы болып өтті. Байқаудың басты мақсаты педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігін шыңдау, шығармашылық жұмыс нәтижелерін анықтау, озат тәжірибені насихаттау, мұғалімнің беделін көтеру мақсатында кәсіби байқаулар өткізу қолға алынған. Мектеп директоры Қамбарбаева Роза Сарсебековна сайысты ашып, директордың атынан қаржылай сыйлық болатынын атап, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Байқауға мектептің барлық пән бірлестіктерінен қатысты. Үш күнге созылған сайыс қызықты өтті. Нәтижесінде 8 мұғалім қатысқан сайыс жеңімпазы болып танылған ұстаздарды марапаттау сәтімен аяқталды. І орын иегері бастауыш сынып мұғалімі Абенова Қарлығаш Құлыбекқызы, ІІ орын ағылшын тілі пәні мұғалімі Жетенова Айгул Қасымқызы, Шотбасов Ғабиден және Дулығаев Ербол ІІІ орындарды бөлісті.