08
ақпан
2018
"Жас маман" байқауы
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында жас мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдау, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында ақпан айының 8,9,10 күндері аралығында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Алибекова мен жас мамандар жетекшісі Сансызбаева Индираның ұйымдастыруымен мектепішілік "Жас маман-2018" байқауы өтті. Мектеп директоры Қамбарбаева Роза Сарсебековна сайысты ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқауға мектептің барлық пән бірлестіктерінен жас мамандар қатысты. Үш күнге созылған сайыс қызықты өтті.