29
қазан
2019
«Жүрегім толы мейірім»
29.10.2019 ж
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында 2019 жылдың 25-29 қазан аралағында қорғаншылар мен қамқоршыларды, патронаттық тәрбиешілерді қолдауға арналған жыл сайынғы Республикалық «Қамқоршы күні» мерекесіне арналған «Жүрегім толы мейірім» тақырыбында қамқорлық акциясы ұйымдастырылды. Акцияны өткізу барысында арнайы жоспар жасалынап, ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Оқушыларды адамгершілікке,мейірімділікке, қайырымдылыққа, кішіпейілдікке үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу мақсатында «Мейірімділіктің жолы жарық күн!» 5Е сыныбының жетекшісі Н.Жанбекова оқушылармен сынып сағатын өткізді. «Туған елім тірегім, тал бесігім!», «Менің отбасым» тақырыбымен денсаулығына байланысты үйден оқитын оқушылардың шығармашылық жұмыстары мектеп коридорында жарық көрді. «Жетім көрсең жебей жүр» деген халық даналығынан ой түйіп, ата-анасынан айырылған балаларға мейірім шуағын төгіп, жанашырлықпен қарау мақсатында «Жылы жүрек-жомарт қол» акциясы ұйымдастырылып, оқушылардың үйлерін аралап, тұрмыс жағдайымен танысып, мерекеге орай мектеп ұжымының демеушілігмен киім кешектер мен тәттілер таратылды.