"1 Қыркүйек Білім күні" 2018-2019
«Адам капиталын дамыту факторындағы тәрбие жүйесінің ролі» тақырыбындағы алғашқы қоңырау салтанатты жиынның сценарийі.
(2018-2019оқу жылы)
Жүргізушілер: Сағыныш, Гүлхан
Музыкалық номер: А.Биболатованың орындауындағы «Қазақ елі осындай!» әнімен тақырып ашылады.
1. Мектеп үні қоңыраудың сыңғыры,
Күмбірлеген балалардың жыр үні.
Шәкірттер мен ұшырасқан әрбір сәт,
Жүрегіме орнатқандай әр күнді.
<2 <Күмбірлейді туған жердің бел өрі,
Күмбірлейді қайың, шырша терегі.
Балбұлақ та қоңырау болып кеткендей,
Бүгінгі күн білім күні себебі.
<1. <Қадірменді қонақтар, қымбатты ұстаздар, аяулы ата-аналар! Бүгін міне, жаз бойы демалып, тың ойлармен, жаңа серпініспен алтын ұя мектебімізге сағына қайта оралдық.
<2. < Әсіресе бүгін мектеп табалдырығын алғаш аттағалы тұрған бүлдіршіндер үшін ерекше күн.
<1. < Сап түзедің бүлдіршін,
Сумкаларың қолыңда.
Бүгінгі күн бұл бір сын,
Алдағы өмір жолында.
2. Нұр шашып алау жүзінде,
Балауса балғын көңілде.
Қадамың басқан құт болсын
Балдырған келді мектепке.
Бірге: Қадамдарың сәтті болсын!
- Рәміздерім! Сен неткен маңызды едің,
Сенсің асыл қазынам нағыз керім.
Төбемде Ту, төсімде Елтаңбам бар,
Гимнімдей аузымнан ән үзбедім.
- Бір ауыздан айтылып Әнұраным,
Елтаңбаммен әлемге таныламын.
Бір жағадан бас шығып, бір жеңнен қол,
Көк туымның астынан табыламын.
1. Құрметті қонақтар! 2018-2019 оқу жылғы 1 қыркүйек –Білім күніне арналған «Адам капиталын дамыту факторындағы тәрбие жүйесінің ролі» тақырыбындағы салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз.
Жиын. Түзел. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туына сап түзеңіздер.
(Ту көтеріліп, Әнұран орындалады).
1. Алғашқы білім күні мерекесімен құттықтау, аудан әкімінің орынбасары Омарбек Берген Жақатайұлына беріледі.
2. Жаңа оқу жылы жемісті
Мерейлі үстем жыл болсын
Шәкірттеріңіз өрісті
Елім дер қыз бен ұл болсын.
дей келе құттықтау сөз, мектеп директоры Қамбарбаева Роза Сәрсебекқызына беріледі.
2. Мектеп кеме білім теңіз, сол білім теңізінде шұғылалы сәуле шашып нұр құятын мектеп. Жаңа оқу жылының басталу салтанатының құттықтау сөзі аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Дүйсенбин Ерлан Пернебайұлына беріледі.
<1. <Күз бір өзі келген жоқ. Өзімен бірге білім күнін ерте келді. Білім күні - жас үшін де, кәрі үшін де мерейлі мереке, зор қуаныш. Жаз бойы демалған оқушылар үшін мектебіне, ұстаздарына, бір сыныпта оқыған құрбы достарына деген сағыныш.
(баяу музыка әуенімен Хантөре шығады, 1 сынып оқушылары өлеңдерін оқиды)
Хантөре: Зәулім биік еңселі,
Мектебімді сағындым.
Сыңғырлаған сүйкімді
Қоңырауды сағындым.
Бір сыныпта оқыған,
Достарымды сағындым.
Партам, тақтам, сыныбым
Мен бәрін де сағындым.
Болсын дейтін талапты,
Білімді бол деп жан-жақты
Сүйікті менің ұстазым,
Ұрысқаныңды сағындым!
Бүгін мен жүздері бал-бұл жайнаған кішкентай бүлдіршіндердің қуанышын көруге асығып келдім. Міне, міне өздері де келе жатыр. Бүлдіршіндерді құрметпен қарсы алайық. (музыка әуенімен бүдіршіндер шығады).
1. Айдана: Басталады қоңырау жыры
Шақырады ұғымдыны
Құттықтаймыз баршаңызды
Бәрі: Құтты болсын білім күні.
2. Нұрхан: Ұстазыма гүл алып,
Келдім менде мектепке.
Ойыншығымды қалдырып,
Сыйлық еттім ініме.
3. Әйгерім: Зәулім биік, жап-жаңа,
Мектебім менің тамаша.
Қуаныштан сүйсініп,
Қарай берем таңдана.
4. Бағдаәулет: Япыра-ай, қандай әдемі,
Тап-таза әйнек бір келкі.
Біз оқитын мектеп деп,
Мақтан еткім келеді.
5. Медина: Біз: Кітаптарымызды тап-таза ұстаймыз!
Сабағымызды жақсы оқимыз!
Үлкендердітыңдаймыз!
Ата-аналарымызға қуаныш сыйлаймыз!
Қабырғаны сызбаймыз,
Мұнтаздай таза ұстаймыз.
Ұстаздардың еңбегін,
Біздер әр кез ақтаймыз.
6.Арнұр: Оқып білім аламыз,
Шоқ жұлдыздай жанамыз.
Әуезовтың үлгілі
Ұл қыздары боламыз!
7. Айзере: Мектебімде бақыт, білім берекем,
Туған елге үлес қосып гүлдентем.
Құтты болсын қыркүйектің ақ таңы
Құтты болсын Білім күнің мерекең.
Бірге: Мерекелеріңіз құтты болсын!
Музыкалық номер: Жансая мен Балнұрдың орындауында «Әсем ән» дуэті орындалады.
<1. <Жүрегі алауланып жалын атқан
Үмітін көре білген болашақтан.
Тынбастан еңбек етіп шәкірт үшін
Білімнің өшпейтұғын шамын жаққан.
<2. <Мерекелік құттықтау лебізін білдіру үшін ұлағатты ұстазымыз Сағынтаева Роза Ескермесқызын шақырамыз.
Музыкалық номер «Ұстазым» Е.Қамбар (хабарланбайды).
1. Бірінші қыркүйек күнімен,
Аңқыған жұпарлы гүлімен,
Келіп ем, қарсы алды мектебім,
Сүйкімді қоңырау үнімен.
( Қуыршақ және қоңырау ұстаған екі оқушының көрінісі, орындалады, қоңырау соғылады).
1. Бүгінгі Білім күніне шақырған алғашқы қоңырау соғу құрметі алғаш мектеп табалдырығын аттаған кішкентай бүлдіршіндеріміз Әбжаппар Айшаға және Есенғали Кәусарға беріледі.
2. Сыңғырла қоңырау, сыңғырла
Аңсаймыз даусыңды сағына
Қоңырау әсем саз әдемі,
Мектептің сүйікті әуені.
(қоңырау соғушылар алаңнан шығады)
....................................................................................................................................................
<1. < Нұрлы жолмен біз алысқа барамыз,
Білім алып, бірліктен қуат табамыз.
Тоны көк, абыз кеткендей айтып өсиет,
Қазақ елі - мәңгілік ел боп қаламыз!
<2. < Құрметті қонақтар, қадірлі ұстаздар және оқушылар!
Бүгінгі 1- ші қыркүйек білім күніне арналған салтанатты жиынымызды аяқтай келе, сіздерді «Адам капиталын дамыту факторындағы тәрбие жүйесінің ролі» тақырыбында өткізілетін білім сабағына шақырамыз.
< 1. <Алғашқы болып мектепке кіру құрметін 1 сынып оқушыларына береміз.