Сәкен Сейфуллиннің туылғанына 130 жыл » Жамбыл обласы Сарысу ауданы "Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы" КММ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Сарысу ауданының білім бөлімінің
«Мұхтар әуезов атындағы мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72634) 6-26-32
Есепші бөлімі:
+7 (72634) 6-26-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
қазан
2024

Сәкен Сейфуллиннің туылғанына 130 жыл

Сәкен Сейфуллин 130жыл
     10.10.2024 жылы Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназия кітапханасының ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы және «Балалар кітапханасы» бағдарламасы  аясында Сәкен Сейфуллиннің туылғанына 130 жыл толуына орай «Сәкен Сейфуллин –жырдың сарқылмас дариясы» атты кітап көрмесі 11 «А» сынып оқушыларымен өткізілді.
Мақсаты: Оқырмандарды  еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу, ақынның өз заманындағы саяси-қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеуге насихаттау. 
      Қазақстанның қоғамдық тарихында абыройлы орын алатын,революционер-коммунист, қазақтың белгілі жазушысы, ақын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін салушы  Сәкен Сейфуллиннің  туылғанына 130 жыл толып отыр.
      Сәкен Сейфуллин (1894–1938) 15 қазанда Жезқазған облысы, Ақадыр ауданы, Қарашілік қыстағында дүниеге келген. Нілдідегі орыс-қазақ, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде (1905–1908), қалалық үш класты училищеде (1913–1916) оқыды.
      Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, атақты Сәкен Сейфулиннің өмір жолы көпшілігімізге белгілі. Сәкен Сейфулин  Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған алғашқы қазақ жазушыларының бірі. Алайда ол 1938 жылы «халық жауы» деген жаламен атылды. 1957 жылы ақталды. Қазақ интеллигенциясын саяси қуғынға ұшырату тек Кеңес үкіметі кезінде жүзеге асқан жоқ. Ол сонау 1913 жылдан, «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналы жарық көрген уақыттан басталды. Баспасөз беттерінде қазақ зиялалылары дін жайлы, қазақ тілінің жағдайы туралы, бастауыш сыныптардағы оқыту мәселелері жайлы жазды. Осы мәселелер көтерілгеннен кейін қуғындау басталды. Кеңес үкіметі тұсында саяси қуғын жалғасын тапты. Кеңестік билікті мойындаған, большевиктерге жұмыс істеген Сейфуллин де қуғынға ұшырады. Сәкен Сейфулин қазақ халқының ана тілін дамытуды, мемлекеттік қызметшілерді қазақ интеллигенциясынан сайлауды жақтады.
     Ұлттық әдебиетке төңкерістік мазмұн жаңа нысан,  асқан идея әкелген  жазушы  туындылары халқымыздың  рухани қазынасын қорландыра  түсті.Сәкен Сейфуллин  кеңестік     дәуірде и туған әдебиетінің  тұңғыш  қаламгері  болып,  поэзия ,проза ,драматургия сияқты  жанрлармен  әдебиетіміздің  басқа  саласында да көрнекті  қызметтер  атқарды. 
      Сәкеннің ерлік  күреске  толы өмірі мен шығармашылық еңбектері біздің  әдебиетіміздің  идеялық  қалыптасуы  кезіндегі  орасан  қызметімен бірге, оның  профессионалдық жағынан өсуіне ,ер жетуіне зор үлес қосты. Ол қазақ  әдебиетін  барлық  жанр  жағынан  ілгерілетіп, жаңа  дәуір  талаптары негізін де  үлкен  жаңалықтар  жасады. Қазақ әдебиетінің негізін салушы , тамаша  ақын және  көрнекті  қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллинның есімі  халық  арасына  кең жайылған.Сәкен Сейфуллин  қазақ ақындарының ішінде бірінші  рет революцияны, сол арқылы  тарихи  кезеңдерді ашық бейнелейді.
  «Сәкен Сейфуллин –жырдың сарқылмас дариясы»  атты кітап көрмесі библиографиялық  шолу арқылы таныстырылды. Кітап көрмесіне  Сәкен Сейфуллинның  шығармалары, мерзімді басылымдардағы мақалалары мен жарияланымдары, өмірі мен қызметі туралы материалдар қамтылды.
                                           
               Кітап көрмесіне шақырамыз!!!!



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив