Мағжан Жұмабаевтың 130 жыл . "Алаштың сөнбес жұлдызы" » Жамбыл обласы Сарысу ауданы "Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы" КММ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Сарысу ауданының білім бөлімінің
«Мұхтар әуезов атындағы мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72634) 6-26-32
Есепші бөлімі:
+7 (72634) 6-26-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мағжан Жұмабаевтың 130 жыл . "Алаштың сөнбес жұлдызы"
15
наурыз
2023

Мағжан Жұмабаевтың 130 жыл . "Алаштың сөнбес жұлдызы"

#Оқуға құштар мектеп 
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназия кітапханасының  ұйымдастыруымен наурыз айының 13-ші жұлдызында"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай "Алаштың сөнбес жұлдызы" атты әдеби кеш 6"А" сынып оқушыларымен өткізілді.
Мақсаты: Оқырмандарға Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен поэзия жанрындағы  еңбектерінен мағлұмат беру.Ақынның шығармалары арқылы оқырмандардың әдебиетке деген қызығушылықтарын ояту,сөйлеу  мәдениетін,ойлау шеберлігін дамытуға насихаттау.
Мағжан(Әбілмағжан)Бекенұлы Жұмабаев 25 маусым 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы,қазіргі Мағжан  Жұмабаев ауданы,Сасықкөл жағасында дүниеге келген.19 наурыз 1938 жылы 44 жасында Алматыда дүниеден озды.
Алаш қозғалысының қайраткері,ақын,қазақ әдебиетінің жарқын  жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың өмірі тереңнен сыр шертетіндігімен таныса отырып,ғұмыр жолындағы әртүрлі айтарға тұрарлық ақпараттармен танысты.Шығармаларына шолу жасалып бірсыпыра өлеңдерін оқыды.Ақын тұңғыш өленіңнен бастап әлеуметтік тақырыпқа ден қойып қойып, ағартушылық ұлт-азаттық демократияшыл бағытты ұстанды.Мағжан Жұмабаев ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді көтерді, халқын өнер білімге шақырды.
Мағжан Жұмабаевтың өмір жолы мен шығармаларына 6"А" сынып оқушылары Ержанұлы Бекжан,Мектепберген Айару,Еркін Нұрасыл, Аман Бекежан,Айтбай Арайлым,Бекболат Даяна тоқталып өтті.
Іс-шара соңында ақынға арналған "Көркем сөздің жұлдызы" атты кітап көрмесі библиографиялық шолу арқылы  таныстырылды.
Кітапхана қорындағы Мағжан Жұмабаевқа байланысты әдебиеттер,мерзімді басылым беттерінде  әр жылдарда жарық көрген мақалалар және ғаламтор беттеріндегі қызықты мәліметтер қойылды.

 Әдебиетте өшпейтін із қалдырған,

Қара өлеңнің құдіретін ұғындырған.

Алаштың ардақты ұлы Мағжан ата,        

Қара көзді қазағым деп шырылдаған.

 Ұлы Мағжан есімі мәңгі жасай бермек!
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шымболатова Жамила.


Похожие публикации:

27 қаңтар 2023 "Кел,бірге оқиық!"
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив