Сұлтанмахмұт Торайғыров - 130 жыл » Жамбыл обласы Сарысу ауданы "Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы" КММ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Сарысу ауданының білім бөлімінің
«Мұхтар әуезов атындағы мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72634) 6-26-32
Есепші бөлімі:
+7 (72634) 6-26-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
қараша
2023

Сұлтанмахмұт Торайғыров - 130 жыл

#Оқуға құштар мектеп
# Балалар кітапханасы
# Сұлтанмахмұт   Торайғыров 130 жыл
 Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназия кітапханасының ұйымдастыруымен  қараша айының    23-ші   жұлдызында «Оқуға құштар мектеп » және «Балалар кітапханасы» жобасы аясында  Сұлтанмахмұт  Торайғыровтың  туғанына 130 жыл  толуына  орай  «Алаштың дүлділ ақыны» атты  кітап көрмесі  6 «В»  сынып оқушыларымен өткізілді.                                                
    Мақсаты: Қазақтың көрнекті ақыны, ағартушы  Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығын    таныстырып,  қазақ әдебиетіндегі ақынның шығармалары  арқылы  оқырмандарға  үлгі өнеге  тұтып, болашақта туған  халқының патриоты болуына  насихаттау.
       Сұлтанмахмұт Торайғыров-қазақ поэзиясының  -аққан жұлдызы.
    XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы, аса көрнекті ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Көкшетау облысының Қызылту ауданында туған. Екі жасында шешеден жетім қалған Сұлтанмахмұттың балалық шағы Баянауылда өтеді. Алты жасында – хат таныған Сұлтанмахмұт 1908 жылы Баянауылда Әбдірахман молданың медресесінде екі – үш жыл, 1911 жылы жаңаша оқыған Нұрғали деген мұғалімнен бір қыс оқиды. Пән негіздерін үйреніп, білімге деген ынтасы артқан Сұлтанмахмұт одан әрі оқуын жалғастыру арманына жете алмайды. Троицк, Семей, Томск сияқты ірі қалаларға барып оқуын жалғастыруға ниеттенсе де, қамқоршысы мен қаржының жоқтығынан, тұрмыстың қиыншылығынан ол мақсаты орындалмайды. Бірақ оптимист Сұлтанмахмұт өз бетімен ізденіп көп оқыды, ғылымның әралуан саласынан хабардар болды, сөйтіп заманының оқымысты жастарының біріне айналды. Сұлтанмахмұт Торайғыров жасында жабысқан дерт кеселінен 27 жасында қайтыс болды. Аз жасағанына қарамай, ол қазақ поэзиясы мен прозасын жаңа сатыға көтеріп кетті. Реалист – ақын XX ғасырдың әдебиетінде жаңа жанрлар туғызды, роман жанрының, реалистік поэманың қалыптасуына әсер етті.
 « Сөз сұлтаны-Сұлтанмахмұт »  кітап көрмесі библиграфиялық шолу арқылы таныстырылды.
   « Сөз сұлтаны-Сұлтанмахмұт » атты тақырыпты кітап көрмеге  қойылған кітаптар тізімі
Кітап көрмеге сонымен қатар ақын жазушыларымыз Жүсіпбек Айтмауытов (Сұлтанмахмұттанушы) және Әбіш Кекілбаевтың Торайғыровқа айтқан қанатты сөздері қойылды. Бір ел бір кітап болып акциясы бойынша « Жыл кітабы» болған Торайғыров жайлы БАҚ шыққан ақпараттар көрмеден орын алды.




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив