Төлен Әбдіктің 80-жылдық мерей тойы » Жамбыл обласы Сарысу ауданы "Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы" КММ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Сарысу ауданының білім бөлімінің
«Мұхтар әуезов атындағы мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72634) 6-26-32
Есепші бөлімі:
+7 (72634) 6-26-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
ақпан
2023

Төлен Әбдіктің 80-жылдық мерей тойы

Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназия кітапханасының ұйымдастыруымен "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында ақпан айының 24-ші жұлдызында "Бір ел-бір кітап" республикалық акциясы ұсынған Төлен Әбдіктің 80-жылдық мерей тойына орай "Қазақ әдебиетіндегі дарынды жазушы" атты кітап көрмесі 8 "Б" сынып оқушыларымен өткізілді.
Мақсаты: Қазақтың көрнекті жазушысы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының лауреаты, драматург Төлен Әбдіктің өмірі мен шығармашылығына оқырмандардың қызығушылығын ояту, кітап оқуға насихаттау.
Төлен Әбдік- қазақ прозасында ерекше қолтаңбасы бар қаламгер. Тұңғыш рет 1969 жылы  "Көкжиек" әңгімелер жинағы жарық көріп, қазақ әдебиетіне философиялық проза жанрын ала келген белгілі  жазушы ретінде танымал.
Кітап көрмесіне Төлен Әбдіктің "Өліара", "Айтылмаған ақиқат", "Әке", "Таңдамалы" "Қонақтар" тағы басқа кітаптары. Әр жылдары мерзімді басылымдарда жарық көрген мақалалары қойылды. Оқырмандарға жазушының шығармаларының ерекшеліктері, шығарма кейіпкерлерінің дара, табиғи болмыстары жайында айтылып, "Тозақ оттары жымыңдайды" шығармасына кеңірек тоқталып өтті. Төлен Әбдіктің шығармаларының ерекшелігіне, кейіпкерлерін образдарына, философиялық құндылығымен шығармашылығының жазылу тіліне тоқталды. Жазушының "Әке", "Көкжиек", "Ақиқат" повестері мен "Оң қол", " Қонақтар", "Өліара", "Ақшоқыда қыс қатты", "Парасат майданы" шығармалары қазақ әдебиетінде жоғары бағаланғаны аталып өттілді.
Жыл кітабын оқуға шақырамыз!
Құрметті кітап сүйер оқырмандар кітап көрмесін көруге шақырамыз!!! 
Кітап оқып рухани бай болайық!!!

Похожие публикации:

30 қаңтар 2023 "Бір ел-бір кітап"
27 қаңтар 2023 "Кел,бірге оқиық!"
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив