Мұражай » Жамбыл обласы Сарысу ауданы "Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы" КММ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Сарысу ауданының білім бөлімінің
«Мұхтар әуезов атындағы мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72634) 6-26-32
Есепші бөлімі:
+7 (72634) 6-26-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
наурыз
2023

Мұражай

Тарихты білу – өзінің, отбасының, әулетінің, туып-өскен өлкесінің тарихын білуден басталады...
Мұражай – әр елдің тарихынан, салт-дәстүрі мен мәдениетінен сыр шертетін құнды дүниелердің қоры. Көне тарихқа көз жүгіртуді қалайтын әрбір азамат мұражайға бару арқылы көне жәдігерлер мен мәдени ескерткіштерді тамашалай алады. Олар бүгінімізді өткенімізбен байланыстыратын көпір іспеттес: тарихтың сан қилы замандарына сапар шегіп, ұлттық құндылықтарымызбен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.
Дәл осы мақсатта Мұхтар Әуезов мектеп-гимназиясының 10 «А» сынып оқушылары қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін тереңдетіп оқытатын Тулебаева Гульжан Кенжебековнамен бірге Сарысу аудандық Төкен Мақашев атындағы тарихи-өлкетану мұражайына бардық. Тарихты білу ең алдымен отбасының, туып-өскен өлкенің тарихын білуден басталады деп түсінетін оқушылар мұражайды аралау барысында көздің қарашығындай сақталған жәдігерлермен танысты. 1978 жылы Сарысу ауданының 50 жылдық мерейтойына арналып ашылған бұл мұражайда жалпы саны 5000-ға жуық жәдігерлер жинақталған. Сондай-ақ, музей 7 түрлі залдан тұрады: «Көне дәуір», «Ықылас Дүкенұлы», «Табиғат», «Ұлы Отан соғысынан кейінгі кезең», «Этнография» және «Мәдени ағарту және өнер» залдары.
Мұражайдағы жәдігерлермен жіті танысқан оқушылардың туған өлке тарихына деген қызығушылықтары арта түсті. Әр жәдігер туралы ақпаратты зейін қойып тыңдау арқылы Кеңес Үкіметі тұсындағы ауданымыздың құрылу тарихы, ашаршылық, саяси қуғын-сүргін, Ұлы Отан Соғысы секілді қайғы-қасіретке толы кезеңдер туралы білім көкжиектерін кеңейтіп, ұлт басына күн туған уақытта еңбек етіп, ерлік көрсеткен ұлт жанашырлары алдында бастарын иді.
Мұражайдың қоғамымызды тәрбиелеуде, ұлттық санамызды жаңғыртудағы маңызы сөзсіз. 
  Сондай-ақ оқушылармен Ысты-Тілік баба мемориалдық кешеніне бардық. Мұнда ұлан-ғайыр қазақ даласының бір бөлігі Әулиеата өңірінен елдік пен ерліктің туын көтерген талай тұйғын түлектер шыққан.
 Осы тұста “Қазақ тілі” пәні бойынша өтіліп жатқан “Сәулет өнері” тақырыбына сәйкес, өскелең ұрпақтың ұлт тарихымен танысуына бағытталған оқушылармен бірге мұражайларға бару секілді экскурсия жүргізілген болатын. 
    «Жеті атасын білмеген – ұл жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмеген – ел жетесіз» демекші, жастарымыз туған жердің тарихын мәңгі есте сақтап, «Мәңгілік ел» боламыз десек, ұлтымыздың өткенінен үн қататын мұражайларға жиі баруымыз қажет. Тарихын білетін, өткенінен сабақ алатын рухани бай азаматтардан құралған ел тәуелсіздігінің тұғыры әрқашан биік болмақ.


Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясынының 10 “А” сынып оқушысы Әбдікәрім Әсем




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив