07
қараша
2019
«Сарысудың тарихи тұлғалары»
2019-2020 оқу жылының қараша айының 7 жұлдызында Мұхтар Әуезов мектеп-гимназиясының 6 «Ә,Б» сынып оқушылары, жетекшілері Г.Тулебаева мен А.Иманкуловалар «Сарысудың тарихи тұлғалары» тақырыбында Саудакент ауылындағы Т.Махашев атындағы тарихи – өлкетану мұражайына саяхат жасады. Саяхат барысында мұражайдың тарихы, мұражайдағы құнды жәдігерлер туралы таныстырылып экскурсия жұмыстары жүргізілді. Оқушылар ҰОС ардагерлерінің бұрышынан аталарының суреттерін көріп, қуанып, атасының қандай батыр екенін мақтанышпен көрсетті. Әрине, естіген бір бөлек , көзбен көрген бір бөлек. Осындай жас ұрпақтар мұражайға келіп жан дүниелерін рухани байытса.


















