«Туған жер-тұңған тарих» өлкетану мектеп мұражайы
«Туған жер-тұңған тарих» өлкетану мектеп мұражайы
Тарих - туған жерден басталады. Әр мектепте өз мұражайының болуының маңыздылығы өте зор, өйткені мұражай – халқымыздың рухани – мәдени байлығы,рухани отауы.
Қазіргі кезде ұлт мектебі, оқушыларына елжандық тәрбие беруде мектеп мұражайының қызметі алабөтен, өйткені , ол тәрбиелік және ғылыми танымдық құнды материалдарды, табиғат пен қоғам тарихы жөніндегі деректерді жинау, зерттеу, өңдеу, безендіру және насихаттау үрдісінде оқушылардың шығармашылығын дамытудың жұмыс формаларының бірі болып табылады.
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының «Туған жер-тұңған тарих» өлкетану мектеп мұражайы 2018ж 16сәуірде ашылды . Мұражай бөлмесі мектептің екінші қабатындағы кітапхана залына қарсы _22___ шаршы метр аумақты алып жатқан шағын бөлмеде орналасты. «Өлкетану» мұражай жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Жанбекова Назира Абдикадировна.
Мұхтар Әуезов мектеп-гимназиясынының
«Туған жер тұңған тарих» өлкетану мектеп мұражайы
Тарих - туған жерден басталады. Әр мектепте өз мұражайының болуының маңыздылығы өте зор, өйткені мұражай – халқымыздың рухани – мәдени байлығы,рухани отауы. Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының «Туған жер-тұңған тарих» өлкетану мектеп мұражайы 2018ж 16 сәуірде ашылды .
Мұражай 2 экспозициялық бөлімнен тұрады.
4.Мектеп тарихынан.
Мұражайдың бөлімдері:
Ауылым – алтын тамырым.
2. Сарысу-саялы өлкем.
3. Мектебім-мақтанышым.
4. Ел-ерлерімен еңселі.
5. Туған жер-асыл қазына.
Мұражайдың мақсаты
Туған өлкеміздің тарихымен оқушыларды кеңінен таныстыру және осы өңірді құруға ат салысқан тұлғаларды, мектеп тарихын, ұстаздары мен түлектерін мәңгілік есте сақтап жүруге жағдай жасау.
Міндеті – көне заттарды жинақтау, үнемі ізденіспен мұражай қорын толықтыру. Осындай мақсат-міндетпен біз жыл бойы біршама жұмыс атқарып, мұражай қорын жандандыруға ат салысамыз.
Ауылым – алтын тамырым.
Жайнай бер өркендей бер Жаңатас бұл стентте «Еврохим» менералды химиялық компаниясы Ресейдің әйгілі менералдық тыңайтқыш өндірушілірінің бірі болып табылады және осы салада Европаның алдынғы шептегі үштігіне ендеді ал әлемдегі тұғырда ондық тізімде орын алады.Тыңайтқыш өндіруші кәсіп орындарының бірі.Компанияның жекеменшігінде шикізаттың және көмірсутектің кең орындары,өндірістік және қойма қуаттары өңдеуші кәсіп орындар қолданыстағы темір жол паркі жүк авто техникасы порттық құрылыстар кемелер т.б бар.Еврохим менералды химиялық компаниясы өнімдерін әлемнің 60 елдеріне таратылады оның өндірістік алаңдарында 20 мың ға жуық адамдар жұмыс істейді.Компанияның аса маңызды инвеститциялық жобаларының бірі ҚР дағы жобасы болып отыр. Еврохим МХК- ы Сарысу ауданындығы Каратау Фосфорит шығаратын зауыт құрылысының жобасы іске асырылуда.Бұл компания Жаңаарық елді мекенінде Аралтөбе учаскесі, Кесіктөбе учаскесі мен Түркістан елді мекені аумағында орналасқан сонымен қатар Еврохим Қаратау ЖШС гі өндіріс саласымен қатар Жаңатас қаласының әлеуметтік эканомикалық дамуына қала келбетін өзгертіп ажарын ашу мақсатында Жаңатас қаласындағы 1 мөлтек ауданындағы 19,31, 33 көп қабатты тұрғын үйлердің күрделі жөндеуі, Жаңатас қаласындағы балалар жас өспірімдер орталығының үйлердің күрделі жөнделуі,Балдырған балабақшасының күрделі жөнделуі, Жаңатас су жылу КММ не жоғары қуаттылы Электр Эсператоры алып берілді, «Данқ» мунументіне жарықтандыру және көгалдандыру жұмысы,Ықылас Дүкенұлы атындағы аудандық мәдениет үйінің күрделі жөнделуі, Бейбітшілік көшесінде автомобиль жолы жөнделді,Абай атындағы орта мектебінің күрделі жөнделуі,М Әуезов мектеп гимназиясының күрделі жөнделуі, Мал сою алаңы салынды,Аудандық ауруханаға жедел жәрдем машинасы сатып алынды. 2014 жылдан бастап Еврохим Каратау ЖШС гі Өз қаражатына Ресей федерациясының санг петербурк қаласының ВИПС компаниясымен бірлесе отырып Жаңатас қаласының жобасын жаңарту мақсатында жаңатас қаласына «Мастер план» даму және іске асыру жоспары дайындалып 2017 жылы Жамбыл облысының әкімдігіне берілді.Мастер план жоспарында Жаңатас қаласының келбеті мен архитекторлық дизайндарын жаңарту темір жол және автостанцияларды жаңарту,қалалық шығыс базары ғимаратын салу. Үш алып ғимараты реконструкциясы Жібек жолы көшесінің жолдарымен жүргіншілерге арналған жолдарын жаңарту,заманауи үлгіде ғимараттарды салу Мөлтек аудандардағы аулаларда жаңарту,Жаңатас қаласын жасылдандыру,Жаңатас Шымкент бағытындағы 45 ші шақарым Жаңатас Шаян авто жолын күрделі жөнделуі,Жаңатас-Түркістан қалалар бағытында темір жол салыну,Жаңатас қаласын толықтай газдандыру және Жаңатас қаласында заманауи жастар сарайының салынуы жоспарларуда.
Сарысу-саялы өлкем.
«Қазақ туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған Ел басымыз Н Ә Назарбаев өз жолдауында айтқандай әр адамның потриятизімі кіндік қаннының тамған жеріне өскен ауылына қалаң мен өңіріңе яғни туған жеріне сүйіспеншіліктен басталады.Әр бір халықтың әр бір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады оны сол халықтың әр бір азаматы біледі. Бұл рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі.Сол себепті оқушыларға экскурсия барысында осы жол карта бағытымен туған жеріміздің киелі жерлерін таныстырудамыз.
Мектебім-мақтанышым.
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп – гимназиясы Жаңатас қаласы үшінші шағын ауданында орналасқан. М Әуезов ғимараты 1974 жыны пайдалануға берілген 1958-1974 жылдары бүркітті 8 жылдық орталау мектебі болып 1974-2007 жылдары аралығында М Әуезов орта мектебі болып жұмыс істеді.2007-2008 оқу жылында мектеп гимназиясы мәртебесіне ие болды. Мектеп гимназиясынң миссиясы: ҚР жан жақты дамыған Рухани адмгершілігі жоғары сауатты жеке тұлғаны тәрбиелеу.Жалпы жобалық сыйымдылығы 1568 орын.Жаңартылған білім беру жағдайында оқыту мен оқуда жаңа әдіс тәсілдерді тиімді қолдана отырып сапалы білім беру.
Ел-ерлерімен еңселі.
Момынов Әшім жарылқап 1917жылы қараша айының 7 жұлдызында Арқада Сарысу бойында дүниеге келген.1940 жылы совет армиясы қатарына алынып Түрікмен ССР ның Каспи жағалауындағы Красноводск қаласындағы 230-ы Қызылту Түркістан полкісінде әскер міндетін атқарған.1941жылы Түрікменстаннан Ұлы Отан соғысына аттанған.командир қызметін атқарған.1942 жылы Украйнаның Ржев қаласындағы ұрыста жарақаттанады.Осы ұрыста за отвагу медельімен марапатталады.Қызыл жұлдыз орденімен марапатталады.1944 жылы туған ауылына Жаңаарыққа Кагонович орталау мектебіне мұғалім болады.1949 жылы аудандық мәдениет бөлімін басқарады.1950 жылы Сарысу орта мектебінің директоры 1951 жылы аудандық оқу бөлімінде инспектор болды.1952 жылы Ұйым бастауыш мектебіне ауысады.1953 жылдан бастап зейнетке шығып Сарысу орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі қызметін атқарады.1972 жылы ССР халық ағарту ісінің үздігі төс белгісімен марапатталып 1977 жылы зейнетке шығады.1995 жылы қаңтардың 25 інші жұлдызында өмірден өтеді.
Отбасында 5қыз 4 ұл тәрбиелеп өсірген.
Момынов Әбушахма Илиясұлы 30 наурыз 1957 жылда сарысу ауданы Жаңаарық ауылында дүниегі келген.Отан алдындағы борышын Ауғанстан жерінде Герет қаласында атқарды.Солд кездегі тәртіпке бағынып өзін батыр жауынгер ретінде көрсете білген.Ауған соғысының ардагері ретінде бірнеше мақтау грамоталарымен медалдармен ордендермен марапатталған.1988 жылы ССР жоғарғы кеңес призидумының грамотасын алды.2001жылы Ұ Сыздықбайұлы ауылының құрметті азаматы атанды.2004 жылы зейнетке шықты.2009 жалы 16 шілдеде өмерден өтті.Бүгінде 3 қыз 1ұл тәрбиеленуде 13 немересі бар.
Туған жер-асыл қазына.
Мұражай қорында 480 - экспонаттар жиынтығы бар. Оның ішіне жазбалар, хаттар, естеліктер, фотосуреттер, наградалар мен дипломдар, альбомдар, газет қиындылары мен ақша, тиын үлгілері кіреді. Құрамында 7 адамнан тұратын мұражай кеңесі жұмыс атқаруда. Олардың басты мақсаты, туған ауыл,мектеп тарихын оқып үйрену, экспонаттарды жинау және қорғау. Мұражай белсенділері арқылы түрлі білгірлік , тәрбиелік іс- шаралар жүзеге асады. Оқушыларға өткен заман тынысын тану бағытында тақырыптық экскурсиялар, тәрбие сағаттары мұражай белсенділерінің ұйымдастыруымен өтеді. Мұражайдың әрі қарай дамуы осы алқа мүшелерінің үлесінде болмақ. Алдағы уақытта мұражай қоры келешек ұрпақ үшін тәрбиелік тағлымы мол таптырмайтын деректермен толықтырылып, келешекте өшпес мұра, сыр шертер тарихи орда болары сөзсіз.
Еліміздің,туған жеріміздің тарихын терең оқып танысып қана қоймай,мұрағаттарды көненің көзіндей сақтай білу,мұражай қорын үнемі толықтырылып,іздестіру. Ең негізгісі мұражайдың оқушыларға Отанды сүюге,патриоттық тәрбие беруге ықпалы зор. «Өлке тарихы –адамзат тарихының бір бөлшегі» екенін әрдайым есте сақтайық.