20
март
2025
«Жаңару күні»
2025 жылдың 20 март күні «Мартнама» Онкүндігі аясында «Жаңару күніне» орай жас ұрпаққа ағаш егу дәстүрін насихаттау мақсатында, тал егу іс- шарасы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Сарысу ауданының әкімі Мамытов Сәкен Үмбетұлы, Сарысу ауданы білім бөлімінің басшысы Жарықбасаов Жуаныш Қалықбергенұлы, Жаңатас қаласының әкімі Домалақов Ілияс Әлімбайұлы, «Аманат» партиясының төрағасы Бұралқиев Мұратбек Бұралқыұлы, Сарысу ауданының ардагерлер кеңесінің мүшелері және мектеп басшылары оқушылармен бірігіп, 60 түп шырша талын отырғызды. Келген қонақтар 20 март «Ұлттық спорт» күніне орай «Асық ату», «Арқан тарту», «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойындарға қатысып, іс-шара шағын мерекелік концертпен аяқталды. Осы тұрғыда Жаңатас қаласының 55 жылдығына орай, Март мерекесіне арналған «Кдомкүмбірі» аясында 55 домбырашы күмбірлетіп кдомтартып, көрермендерге көтеріңкі көңіл кдомсыйлады.
























