"Шәкәрім мұрасы- мәңгілік мұра" » Жамбыл обласы Сарысу ауданы "Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы" КММ
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-гимназия имени Мухтара Ауезова»
отдела образования сарысуского района
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(72634) 6-26-32
Бухгалтерия
+7 (72634) 6-26-32
Версия для
слабовидящих
16
март
2023

"Шәкәрім мұрасы- мәңгілік мұра"

#Оқуға құштар мектеп 
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназия кітапханасының  ұйымдастыруымен март айының 16-шы жұлдызында"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай "Шәкәрім мұрасы- мәңгілік мұра " атты мәнерлеп оқу  8 "В" сынып оқушыларымен өткізілді.
Мақсаты:Оқырмандарды Шәкәрім Құдайбердіұлының өмір жолы мен жазушылық қызметін таныстыру.Шәкәрім шығармаларының көркемдік және әдеби құндылығын дәріптеу. Ақынның шығармашылықтарына қызығушылықтарын ояту,елін, жерін,Отанын сүюге  насихаттау.
Қазақ поэзиясының  асқар шыңы Абай қалдырған  шығармашылық дәстүрді жалғастыра отырып,өз жаңалықтарымен байытып өрнектеген Шәкәрім Құдайбердіұлының  көркем  мұрасы -әдебиетіміздің асыл  қазынасы."Ғылымды 
 іздеп,дүниені көздеп,екі жаққа үңілдім " деген Абай мектебінен тағылым алып, оның жолын жалғастырған Шәкәрім өлеңдері ақын өлеңдерімен үндесіп жатады.
Қилы заманда оққа ұшқан ақын есімі халық санасынан аласталмақ болды.Бірақ ...өзі өлсе де аты өшпейді. Абай аавгустдың "Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,өлмейтұғын артына сөз қалдырған"-деген өлең жолдары ойымызға оралады.Ұлы ақын өлсе де,ұрпағына ғибрат етіп қалдырған мұрасы бар.Ол мұраны сақтау-одан тәрбие алу біздің міндетіміз.
Адам үшін еңбегім,

Өмірден барлық тергенім.

Қалағанын қарап ал,

Мұрам сол,жастарға бергенім.

Ұлы Шәкәрім есімі мәңгі жасай бермек!
Шәкәрім бабаның көп айтыла бермейтін елден жырақ кетіп өмір сүрген шерлі ғұмыры  туралы мол мағлұматтар алды. Шәкәрім Құдайбердіұлының  өлеңдерін 8"В" сынып оқушылары Қозыкенқызы Салтанат, Жарас Ақнұр,Өтепберген Дана, Сайлаубек Нүрила, Аманжол Айым, Берікқызы Нұрай оқыды.
Іс-шара соңында "Шәкәрім-дара тұлға" атты кітап көрмесі библиографиялық шолу арқылы таныстырылды.
Кітапхана қорындағы Шәкәрім Құдайбердіұлына байланысты әдебиеттер, мерзімді басылым беттерінде  әр жылдарда жарық көрген мақалалар және ғаламтор беттеріндегі қызықты мәліметтер қойылды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шымболатова Жамиля.




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив