16
февраль
2023
"Шектерді табу. Бірінші тамаша шек"
Математика пәні мұғалімі А.Ахметбекова 10 «Ә» сыныбымен "Шектерді табу. Бірінші тамаша шек" атты тақырыпта ашық сабақ өтті. QR код арқылы оқушыларды «Шек», «Үзіліссіздік», «Асимптота» топтарына бөлді. Үй тапсырмасын QR код арқылы тексерді. «Тарсия »әдісі бойынша формулаларды сәйкестендірді. Топтық тапсырмада саралаудың «Ойлан, топтас, пікірлес» тәсілі көрініс тапты. Жұптық жұмыста саралаудың «Тапсырма» тәсілі көрініс тапты. «Білімді тексеру» әдісі бойынша Kundelik.kz арқылы математикалық тест алды. WhatsAppWeb арқылы кері байланыс алынды. Оқушылар сабаққа өте белсенді қатысып отырды, сабақ қызықты, тартымды, мағыналы болды. Мұғалім ЕНТ есептеріне тоқтала кетті. Обратная связь онлайн түрінде алынды, сабақ өте жоғары деңгейде өтілді.












