13
ноябрь
2018
"Алгоритм түрлері"
Информатика пәні мұғалімі Г.Смайлова 6 "А" сыныбымен "Алгоритм түрлері атты ашық сабақ өтті. Мозайка құрастыру арқылы топқа бөлді. "Шапалақ" әдісі арқылы домтапсырмасы ағылшын тілінде сұралынды. Оқушылар сабаққа өте белсенді қатысып отырды. Жаңа тақырыпты ашу мақсатында BilimLand-тен бейнеролик көрсетті. Топтық, жұптық, жеке жұмыстар жасалынды, топта рөлдік ойындар ойнатылды. BilimLand-те тақырып бойынша тест тапсырмасын орындады. Мұғалім мен оқушылар арасында кері байланыс орнады. Оқушылар постер қорғады, сабақ өте жоғары деңгейде өтілді, мұғалім мақсатына жетті.